Биыл ауданымызда ауыл тұрғындарын  тұрғын үй баспанасымен қамту мақсатында көп пәтерлі тұрғын үйге жергілікті бюджеттен 8 млн тенге қаржы бөлініп К.Сағырбаева көшесінде орналасқан бос ғимаратқа күрделі жұмыстар жүргізілген болатын.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай көп пәтерлі тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы Рахымжанов ауыл тұрғындарын ел Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, баспаналы болған отбасыларға кілт табыстады. Жаңа тұрғын үй ауданымыздағы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын  төрт адамға, мемлекеттік және бюджеттік саланың қызметкерлеріне екі адамға, тұрғын үйлері апатты деп танылған  бір адамға, қызметтік үй бір адамға берілді. Жаңа түрғын үй 2,3 бөлмелерден тұрады, барлық жағдайлар жасалған газ, су, электр желілері тартылған. Айта кетерлік, алдымыздағы  2018 жылға  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауылымыздан 2 пәтерлі 5 тұрғын үй салыну жоспарлануда.

 Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар

көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің бас маманы Ж.Мухитов