Бөкей ордасы колледжінде "Ауған - жүректегі жара" тақырыбында Ауған соғысына қатысқан жерлестерімізбен кездесу өтті. Кездесуге аудан соғысының ардагерлері, «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы И,Құрмашев, «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Жоламанов, кітапхана әдіскері Г.Ғайсина, колледж директоры Б.Лұқпанов пен студенттер қатысты. Шара барысында от кешкен жауынгерлер өздерінің соғыстағы қиыншылықтары бөлісіп, қойылған сұрақтарға толымды жауаптар берді.