Ағымдағы жылдың ақпан 2 жұлдызында аудандық демалыс орталығында Бөкей ордасы ауданы әкімі Н.Рахымжановтың 2017 жылы атқарылған жұмыстар және алда тұрған мақсаттары жөніндегі тұрғындар алдындағы есептік кездесуі өтті. Кездесуге облыс әкімі А.Көлгінов, облыстық басқармалар басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен мекеме-ұйым басшылары, қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.