ІТ, роботтехника, дизайн саласы бойынша Бисен, Бөрлі ауылдарында орта мектеп оқушылары, ауыл жастарына арналған шеберлік сағаттары өтті. Тиісті сала мамандары бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналған салалардағы құралдар жөнінде әртүрлі мағлұматтар беріп, оның жасалу жолдары, адамзатқа әкелер пайдасын жеткізді. Үйірмелерге қатысушы кейбір жастар өз кезегінде қызығушылықтарын танытып, қолдан жасалған техникаларды одан әрі дамыту бағытында жұмыс жасайтындықтарын айтып, өзара пікір алмасылды.