М-С.Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «тарих мұрасы» жобасы аясында өлкетанушы, этнограф, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы Мұхамед-Салық Бабажановқа арналған аудандық тарихшылар слеті оздырылды.

Аталмыш слеттің мақсаты:

- мектепте оқушылардың ғылыми-шығармашалығын ұйымдастыру және ғылыми-ізденіс жұмыстар жүргізудегі өзекті мәселелерін шешу бойынша тәжірибе алмасу, зерттеулер мен жұмыс нәтижелерін талқылау;

- жобалық – зерттеу жұмысын ұйымдастыруда инновациялық практиканың өнімді педагогикалық тәжірибелерін тарату; 

- аудан мектептері педагогтарының өзара ықпалдасуына көмек көрсететін ғылыми-ақпараттық орта құру;

- мектеп мұражайларын жұмыстарын үйлестіру;

- жасөспірімдерді Туған өлкені сүйюге тәрбиелеу, патриотизмге баулау, ғылыми-зерттеу жұмыспен айналасуға үгіт-насихаттау.

Шара барысында жерлес қоғам қайраткері, этнограф М-С.Бабажановтың өнегелі өмір жолдары, ел үшін жасаған еселі еңбектері ғылыми негізде зерттеліп, тарихшылар Нар тұлғалы бабаның ұмытылмас мол мұрасын жас ұрпаққа дәріптеді.