8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі Н.Рахымжанов әр салада еселі еңбек еткен нәзік жандылар қауымын қабылдап, мерекемен құттықтап сый-сияпатын ұсынды. Сонымен қатар, осы күні осындай негіздегі қабылдау кәсіпкерлік салада еңбек етіп жүрген жандарға да бұйырды.