Дүниені түлеткен көктеммен бірге барша қауым үшін қымбат та қастерлі мейрам – Халықаралық әйелдер күні күнінде аудандық жастар ұйымдары өкілдері мен белсенді жастар «Ана – өмір шуағы» атты акция ұйымдастырды. Акция барысында қолдан жасалған әдемі қызғалдақтар мен сыйлықтар көшеде жүрген аналар мен әжелерге табыс етіп, мейрамға арналған құттықтау тілектерін жеткізді.