"Рухани жаңғыру " аясында жастар арасында "Шешендік өнер - ұлт болмысы" тақырыбында пікірсайыстан аудандық турнир өтті. Аталмыш турнирдің мақсаты: ұлтымыздың негізсіз ұмытылып бара жатқан шешендік өнерін жетілдіру, тақырыптарды ашу білу, тіл тазалығы, ойдың ұшқырлығы, өз көзқарасын жүйелеп басқаларға дәлелдеуге талпындыру, фактілерді зерттеу, болжау, баға беру, өзекті тақырыптар бойынша жастарды ойландыру, ғылыми ізденіске түрткі салу, шыншылдыққа тәрбиелеу, ашық қоғам құруға үлес қосу, жастарды ұлтымыздың құндылықтарын қастерлеуге баулу, қазақ халқының брендттерін сақтап әлемдік денгейдегі ойындар қатарына қостыруға ой туғызу болып табылады.

Ойынға бекітілген тәртіп бойынша 3 тақырып тасталып, (1 «Латын әліпбиі – заман талабы», 2 «Бөкей ордасы ауданының киелі орындары қаншалықты дәрежеде дәріптелуде?», 3 «Тірі тарихи тұлғаларымызды ардақтап жүрміз бе?») осы бойынша жастар пікірсайысқа түсті.