Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына сәйкес жұмыс беруші жұмысқа қабылдау кезінде Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға міндетті.

Егер жұмыс беруші Сізді жұмысқа алып, бірақ Сізбен еңбек шартын жасаспаса, осындай еңбегіңіз іс жүзінде заңсыз болып табылады және соның салдарынан төмендегідей проблемалар туындауы мүмкін:

• жалақының мөлшері тұрақты болмайды, жұмыс берушінің еркіне қарай азаюы мүмкін (еңбек шартында еңбекке ақы төлеу мөлшері мен өзге де шарттар міндетті түрде қарастырылады);

• еңбек кітапшаңызға істелген жұмыс кезіндегі жазбалар жүргізілмейді;

• жұмыс беруші Зейнетақы қорына жарналарды аудармайды, бұл алдағы уақытта зейнетақының мөлшеріне кері әсерін тигізеді;

• жұмыссыздық жағдайында жұмыстың ресімделмеген кезеңі сақтандыру өтіліне есептелмейді, бұл жұмыссыздық бойынша төленетін көмек мөлшері мен төлеміне әсер етеді;

• ауырған жағдайда, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша төлем ала алмайсыз;

• өндірісте жазатайым оқиға болған жағдайда, кәсіптік жарақат алғанда Сіз сақтандыру төлемдерін алу кепілдігін жоғалтасыз;

• Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жүргізілмейді;

• және тағы басқалары.

Сіз жұмыс берушілердің заңсыз әрекеттерімен келісе отырып, өзіңізді конституциялық қорғалудан автоматты түрде айыратыныңызды түсінуіңіз қажет. Өзіңізді және қарттық шағыңызды қорғаңыз – жұмыс жасап, заңды түрде жалақы алыңыз!

Еңбек шартын жасаспау фактілері орын алған жағдайда, Сіз БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасына (Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 188, тел. 50-04-86, 24-23-76, ресми сайт - enbek-bko.gov.kz), мәртебені анықтау және түсіндірме алу мақсатында (ауылдық) округ әкіміне немесе жұмыспен қамту орталығына хабарласуыңыз қажет.

Егерде, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлемдер уақтылы немесе мүлдем жүргізілмеген жағдайда, Сіз аудандық (қалалық) мемлекеттік кірістер басқармасына.