1. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші маман (консультант)- 1 бірлік.
  2. Лауазымдық міндеттері:
  • үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына уақытша болу және тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда өз қызметін жүзеге асырады,
  • халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру органдары мен ұйымдарының, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдармен жұмыс істеуге уәкілеттілік берілген ұйымдардың мамандарымен өзара әрекет етеді;
  • мүмкіндіктері шектеулі балаларға, олардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне, егде жастағы адамдар мен мүгедектерге, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, адам саудасының құрбандарына (бұдан әрі – контингент):
  • әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету, баланың құқықтары, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оңалту;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек және төлемдердің басқа да түрлерін ұсыну;
  • қорғаншылықты, қамқоршылықты ресімдеу, арнайы түзету ұйымдарына, халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне жіберу;
  • азаматтық, тұрғын үй, отбасы, еңбек, зейнетақы, қылмыстық заңнама, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, адам саудасының құрбандары мәселелері бойынша консультативтік қызмет көрсетеді;
  • контингентті техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
  • контингентке денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, заң қызметі және басқа да мамандардың консультация беруін қамтамасыз етеді;
  • мамандар мен әлеуметтік қызметкерлерге әлеуметтік мәселелер бойынша заңнаманы түсіндіру жөнінде оқыту өткізеді;
  • отбасыға әлеуметтік көмек көрсету орталықтарын, баспаналарды, жастар, жасөспірімдер мен балалар орталықтарын, күндіз болу бөлімшелері мен үйде күтім көрсету жағдайларында жұмыс істейтін клубтар құру қызметіне қатысады;
  • өмірлік қиын жағдайда жүрген контингентке әртүрлі көмек көрсетумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдеседі;
  • өмірлік қиын жағдайларды еңсеру, мұқтаж адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтенуі және интеграциялануы үшін қажетті жағдайларды жасауға жәрдемдеседі, олардың қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуда құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
  • мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша қызметті үйлестіреді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыруға қажетті мамандарды тартады;
  • үйде күтім көрсету жағдайында қызмет көрсететін субъектінің арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылармен жұмыс жүргізуінің жеке жоспарын әзірлеуді және оның іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • үйде күтім көрсету жағдайында көрсетілетін қызметтерге үнемі мониторинг жүргізеді, дерекқорды жүргізеді және белгіленген тәртіппен есеп береді;
  • ұйымда әлеуметтік қорғау саласындағы алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибені қолданады;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрттен қорғану қағидалары мен нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
  1. Білуге тиіс:
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексті;
  • Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңды;
  • Тіл туралы заңды;
  • Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңды;
  • Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы заңды; 
  • Баланың құқықтары туралы заңды; 
  • Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңды; 
  • Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы заңды; 
  • Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңды;
  • "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын;
  • Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңды;
  • Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңды;
  • "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заң)
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңды;
  • психология, құқықтану, саясаттану, педагогика негіздерін;
  • өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көмектің әлеуметтік-психологиялық аспектілерін;
  • қылмыстық, азаматтық және зейнетақы құқығының негіздерін, ана мен баланы қорғаудың құқықтық негізін;
  • кәмелет жасқа толмағандар мен зейнеткерлердің құқықтарын;
  • қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу, асырап алу, ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі мен оны ұйымдастыруды;
  • арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне жіберу қағидаларын;
  • мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері үшін белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен басымдықтардың негіздерін;
  • әлеуметтік жұмыс бойынша озық отандық және халықаралық тәжірибені, консультант қызметінің этикалық нормаларын;

      психологиялық қолдау көрсету әдістерін;

  • үйде қызмет көрсету мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды;
  • халықты әлеуметтік қорғау бойынша жүргізіліп отырған саясаттың негізгі бағыттарын;
  • әлеуметтік қызмет бойынша озық және халықаралық тәжірибені;
  • еңбек заңнамасының негіздерін;
  • Өрт қауiпсiздiгi қағидаларын.
  1. Біліктілігіне қойылатын талаптар:жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
  2. Конкурсқа қатысуға қажетті құжатттар тізімі:

    1)Түйіндеме

    2) Өтініш

    3) Жеке куәлік көшірмесі

    4) Білімі туралы құжаттың нотариалдық шандырылған көшірмесі

    5) Еңбек кітапшасының көшірмесі

    6) Медициналық кітапша немесе анықтама (086)

 

  1. Құжаттар мына мекен жай бойынша қабылданады:

БҚО, Бөкейордасы ауданы, Сайқын ауылы, Бөкейханов көшесі №2 үй. Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі.

Анықтама телефондары 8-711-40-21-3-61