рисунок

Аудан әкімі Н.Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, "НұрОтан" партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Т.Апакаев, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Д.Қадырғалиев, Орда ауылдық округі әкімі М.Сисенов 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Хан ордасы ауылының тұрғыны Нәсіпқали Жұмағалиевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

Аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы ардагерге "НұрОтан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаевтың, облыс әкімі А.Көлгіновтың құттықтау хаттарын табыс етті. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бөлінген ҚР Үкіметінің қаржылай қолдауымен қатар, "Uniserv" ЖШС атынан берілген және аудандық бюджеттен бөлінген қаржылай көмектер берілді.

рисунок