рисунок

Ұлы Отан соғысы кезінде Орда ауданы Сталинград майданының ең жақын тылы болғаны баршаға мәлім. Жау ұшақтары Шоңай, Сайқын, бекеттерін бомбаның астына алып, онда қанша адам қырылғаны әлі күнге дейін белгісіз. Өлкетанушы Ж.Ғұмаров бастаған зерттеушілер тобы зерттеу нәтижесінде сұрапыл соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің мүрдесін тапқан болатын. Күні кеше ғана жауынгерлерді қайта жерлеу рәсімі Сайқын ауылындағы 196-шы Қызыл Тулы Гатчинск атқыштар дивизиясының бауырластар зиратында өтті.

рисунок

рисунок