рисунок

Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани құндылықтар болады. Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені, бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар, елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін, жүректегі патриоттық сезімді оятатын, отанды, жерді сүюге жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету Қазақстанның барлық тұрғындарының азаматтық парызы.

Аудан орталығында мерекеге орай, салтанатты жиын, Мемлекеттік рәміздер шеруі мен автокөлік шеруі өтті. Осындай мәдени-спорттық шаралар ауданның барлық ауылдық округтерінде жалғасын тапты.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок