рисунок

2018 жылы 8 масым күні Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылдық мәдениет үйінде Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Латын қарпіне көшу – болашақтың бекем баспалдағы» атты ақпараттық, насихаттық кездесу өтті.

Кездесуге М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасанов, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Света Қадырбайқызы Ганиева, мекеме, ұйым, басшылары, ұстаздар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, аудан тұрғындары, т.б. қатысты. Шара ҰОС Бөкей ордасы ауданынан қаза болған боздақтарға арналған мемориалдық кешенге және азамат соғысы жылдарында қаза болған 80 сарбазға арналған «Бауырластар зираты» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Кейін Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешені қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрме тамашаланып, соңы кездесуге ұласты. Кездесуде Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Қанатбайұлы Айтқалиев, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Света Қадырбайқызы Ганиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұстазы, филология ғылымдарының докторы Ғабит Қайыржанұлы Хасанов баяндама жасап, Жәңгірхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақытқаным Самиғоллақызы Мизамбаева, Хан ордасы ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Майдан Батыров қолдау сөз сөйледі.

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок

рисунок