рисунок

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің 55 жылдығына орай, "Рухани жаңғыру" аясында Жайық өңірінен Атырау облысының Индер ауданына дейінгі жолды қамтитын халықаралық экспедиция табиғаты да, тарихы да бай өлке Хан ордасы ауылына келді.

Топтың құрамында, «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ мүшесі, географ, география ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық универститетінің биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми –зерттеу институтының директоры Ахмеденов Қажмұрат Мақсотұлы, тарихшы, тарих ғылымдарының кандидаты, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық универститетінің аға оқытушысы - Хайдаров Есқайрат Ерболатұлы, эколог, магистр, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық универститетінің биотехнология және табиғатты пайдалану ғылыми –зерттеу институтының ғылыми қызметкері - Ахметов Еркін Бауыржанұлы, ресейлік ғалым, Ресей ғылым академиясының Волжско бассейні, экология институты герпетология және токсинология зертханасының аға ғылыми қызметкері - Бакиев Андрей Геннадьевич, орнитолог, Астрахань мемлекеттік университетінің магистрі - Шпигельман Михаил Иосифович сынды ғалымдар бар.Киелі өңірдің тарихын зерттеп, зерделеу мақсатында келген Бөкей ордасы тарихи музей кешенінде ауыл жастарымен кездесіп, өздерінің өлкеге қатысты жаңалықтарымен бөлісіп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

рисунок