«Ұлы дала елі-тәуелсіздіктің негізі» атты 25 жұлдызды күндері аясында 7 желтоқсан күні барлық ауылдық округтерде жастардың ұйымдастыруымен «Менің елім-Мәңгілік ел» акциясы оздырылды. Акция аясында флешмобтар, қайырымдылық акциялары өтті.

9 желтоқсан күні аудандық демалыс орталығында 1986 жылғы Алматы қаласындағы оқиғаларға қатысушылармен кездесу өтті. Шараға аудан әкімі Н.Рахымжанов, аудан әкімің орынбасары Л.Қайырғалиева және аудан орталығындағы аталмыш оқиғалардын куәгерлері қатынасып, пікір бөлісті. Шара соңында 1986 жылғы оқиғаларға қатысушыларға арнайы төсбегілер, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай марапат көрсетілді.

«Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер акциясы аясында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шахматтан жарыс өтті.

«Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндердің «Үлкенге құрмет!» акциясы аясында ауданның барлық ауылдық округтерін жастармен жұмыс жөніндегі мамандар және белсенді жастардың қолға алуымен жалғызбасты қариялар мен қамқорлық қажетті жандардың қардан басқан аула-қоралары тазаланып, қысқа қажетті отын-сулары тасылып берілді.

Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Нарын жастары» ЖҚБ және М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жаса Қазақстан!» атты жастар патриоттық актісі өтті.

«Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер акциясы аясында Мұратсай ауылында волейболдан көше командалары арасында жарыс өтті.

«Ұлы Дала Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күндер акциясы аяcында аудандық демалыс орталығында Бөкей ордасы колледжі ұжымының "Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы" атты концертік бағдарламасы өтті.