1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 14 қарашаны қант диабетіне қарсы күрес күні деп белгіледі. Аталмыш күнге аудандық орталық аурухананың ұйымдастыруымен аудандық демалыс орталығында науқастардың қант диебетін анықтау, онымен күрес жүргізу, ақпараттық түсініктер беру сынды бірқатар шаралар өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық демалыс орталығында ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО спорт шебері, Бөкей ордасы ауданының "Құрметті азаматы" Жардемов Жұбанышқали Садырұлының 65 жасқа толуына орай, арнайы кеш, жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық турнир өтті.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында аудандық демалыс орталығында "Нарын шуағы" әйелдер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Әйел. Қоғам. Болашақ" атты Бөкей ордасы ауданы әйелдерінің IV форумы өтті. Форумға аудан әкімі Н.Рахымжанов, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен ауылдардан келген делегаттар қатысты. Шараның алдында нәзік жандылар қауымының арнайы дайындап әкелген тәтті тоқаштары мен торттарын көп балалы, аз қамтылған отбасыларға беру мақсатында аукцион арқылы сатылымға шығарылып, түскен қаражат Сайқын ауылдық округінің әкімі М.Аққалиевке табысталды. Форум бекітілген күн тәртібіне сай, аудандағы әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, кәсіпкерлік сынды тақырыптар қозғалып, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, шара соңында арнайы қаулы қабылдады.

Хан ордасы ауылдық Мәдениет үйінде күйші, ҚР еңбегі сіңірген мәдениет қызметкері, "Құрмет "орденінің иегері, ауданының "Құрметті азаматы" Ермек Қазиевтің кеші өтті.

"Рухани жаңғыру " бағдарламасы аясында Хан ордасы ауылында кәсіби домбырашы, ұстаз Мұхит Айтқалиевтің 90 жылдығына арналған "Домбыра - достық үні" атты облыстық домбырашылар байқауы өтті.

Мобильді телефоннан ББО-на қоңырау шалу арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін пайдаланушылар «электрондық үкіметтің» порталындағы азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы қажет, сондай-ақ порталда нақты  поштасы болуы қажет. 1414 нөміріне хабарласқан кезде ХҚКО-ның операторы мобильдік телефонның сәйкестендіру нөмірі бойынша азаматтардың мобильдік базасында тіркелгендігін тексереді, әрі қарай, ХҚКО интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы қызметті алады және пайдаланушының электрондық поштасына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін электрондық түрде жібереді.