Аудандық демалыс орталығында "НұрОтан" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіншлігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Көрмеде өмірге деген өзгеше құштарлық, қоғамға деген байсалды көзқарастармен жасалған ұлттық оюмен өрнектелген түрлі бұйымдарды, табиғат тылсымын шерткен картиналар қойылды. Оған аудан әкімі Н.Рахымжанов, мәслихат хатшысы Е.Таңатов, аудандық мекеме басшылары, жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысып, шеберлікпен жасалған жұмыстарды сатып алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауының 5 басымдығын іске асыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатын республика бойынша бір уақытта "Парасыз болашаққа. Бірге!" атты форум оздырылуда. Аталмыш форум 26 сәуір күні жергілікті уақытпен 12.00де аудандық демалыс орталығында мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, жастар және ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Аудан орталығы Сайқын ауылында жыл сайын дәстүрге айналған байрақты бәсеке Халықаралық дәрежеде волейболдан аудан әкімінің кубогі өтті. Аталмыш жарысқа Ресей Федерациясы, Астрахань облысы, Ахтуба ауданының Жоғарғы және Төменгі Басқұншақ ауылдарынан, көршілес Жаңақала, Казталов және Бөкей ордасы ауданының қос командасы қатысты.

Ауданымызда Христиан дінін ұстанушылардың ұлық мерекесі - Пасха мейрамын тойлап өтті. Аудан әкімі Н.Рахымжанов бастаған топ аталмыш дінді ұстанушы кейбір Сайқын ауылының тұрғындарын арнайы барып, мерекемен құттықтап қайтты.

Аудан бойынша сәуір айында жалпыкөпшіліктік сенбіліктер басталды. Сенбіліктер барысында саябақтар мен басты көшелері тазаланып, әрленіп әктеліп, жаңа ағаш көшеттері отырғызылатын болады.

Бөкей ордасы ауданы әкімі жанындағы Діни қызмет және діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің (төрағасы аудан әкімі Н.Рахымжанов) 2017 жылғы алғашқы отырысы өтті. Кеңес отырысына аудан әкімінің орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары Л.Қайырғалиева төрағалық етті. Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар, облыс орталығынан Дін істері басқармасының бас маманы, теолог М.Раманқұлов және Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Ж.Аханов қатысты. Отырыста күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, талқыланды.

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, аудандық демалыс орталығында тұрғындар арасында жалпыкөпшіліктік таңертеңгілік жаттығулар мен тренингтер өтті. Сонымен қатар, тұрғындардың бойы мен салмағын, қан қысымын өлшеу шаралары жүзеге асырылып, медициналық кеңестер берілсе, аудандық аурухана ғимаратында жастар арасында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру" тақырыбында пікірсайыс ойыны өтті.