Жаз маусымының алғышқы күні, яғни, 1 маусым - Халықаралық балалар күні. Қазақстан бұл "Балаларды қорғау күні" деген атпен белгілі. Мерекені тойлау және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына орай, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орталық алаңда 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан жарыс өтті.

Аудандық "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сайқын ауылында 4 маусым Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы және "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесінің ашылуына орай, ерлер командалары арасында үстел теннисінен ауданаралық жарыс өтті. Жарысқа Ресей Федерациясы, Астрахан облысы, Ахтуба ауданы, Жоғарғы Басқұншақ және Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарының командалары қатысты.

«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің ашылуына орай, аудандық демалыс орталығында КСРО Ауыл шаруашылығы министрлігі жоғарғы оқу орындары біріншілігінің жеңімпазы, ҚР чемпионы, спорт шебері, жерлесіміз Нұрлыбек Шайдоллаұлы Бірмановтің тұрғындармен кездесуі және Н.Ш.Бірмановтың жүлдесі үшін "Өгіз және Түйе палуандары" арасында қазақ күресінен ауданаралық турнир өтті.

14 маусым күні ауданымыздың барлық білім беру ұяларында мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыс ету салтанаты өтті.

1992 жылғы 4 маусымда Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Сондықтан бұл күн ел тарихында жаңа Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық белгілер. Мемлекеттік рәміздер- Көк байрақ, Елтаңба және Әнұран.

Пилоттық жоба іске қосылған сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстанның перзентханалары мен перинаталдық орталықтарында баланың туылуы бойынша 260 мынан аса мемлекеттік қызметтерді көрсеткен. Олардың ішінде шамамен 122 мың қызмет - бала тууды тіркеу бойынша, шамамен 50 мыңы - бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау, 21 мыңнан астамы - әлеуметтік тәуекелдер жағдайларына, атап айтқанда баланың бір жасқа дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау, сондай-ақ 67 мыңнан астам жаңа туылған нәрестелер балабақшаға кезекке қойылды.

Елбасы Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында Хан ордасы ауылында "Туған жерге тағзым" атты танымдық-өлкетану шарасы өтті. Аталмыш шараға Жаңақала, Жәнібек, Бөкей ордасы колледжі директорлары, ұстаздары мен студенттері, еңбек ардагерлері қатысты. Алдымен, батырлар ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылса, кейін "Ұлылар жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып" атты кездесуге ұласты.