Камералдық бақылау - мемлекеттік кірістер органдарында бар салық төлеушінің салықтық есептілігі  бойынша мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Салықтық есепте қателер, мәліметтер бойынша қарама-қайшылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге осы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК)мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

11 07 18 news 2

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» шілде

ЕНПФАлматы, Қазақстан – Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға берілетін өтініштерді біріктіріп,  «бір терезе» қағидатына сай   қабылдау  үшін композиттік қызмет енгізу мақсатында 2018 жылдың 2 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттік корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерінің есебін жүргізу, аудару, қайтару мәселелері бойынша ықпалдастықты реттейтін баптарға бірқатар толықтырулар енгізілді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «13» шілде

ЕНПФАлматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметінің – тұтынушылармен, оның ішінде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмірі бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудің жаңа арнасын енгізгендігін хабарлайды.     

Жаңа қызмет Қор бөлімшесіне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі туралы қажетті ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкіндік береді.   

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» шілде

23 07 18 news 1Алматы, Қазақстан – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы негізінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның ішінде 25-бабына өзгерістер енгізілді. Соған сәйкес енді азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін азаматтар міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндетті. Бұл жарналардың мөлшері алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгі жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгі жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.