Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста 18-19 жасар өрімдей жас жігіттер жазықсыздан -жазықсыз құрбан болды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.

Бүгінде Азаматтарға арналған үкімет арқылы 546 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Жаңа қызметтердің басым бөлігін ҚР Ауылшаруашылығы, Ұлттық экономика министрліктерінің және Инвестициялар және даму министрлігінің қызметтері құрады.

Еліміз үшін байрақты бәсеке, Алматы қаласында өтіп жатқан суденттердің 28-ші қысқы Универсиада ойындарына қатысушы қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында Бөкей ордасы колледжінің ұйымдастыруымен аталмыш мекеменің базасында студенттер (ерлер мен қыздар) арасында шаңғыдан жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар ойынның қашықтыққа жүгіру, эстафета бағдарламалары бойынша сайысқа түсіп, өз өнерлерін көрсеткен бөкейлік жастар, отандық спортшылардың жеңісіне деген ыстық ықыластарын осылай жеткізді.

Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Н.Рахымжанов және ардагерлер кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Жиын қатысқа ақсақалдары басты саяси құжат бойынша өз ой-пікірлерін білдірді.

Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.Рахымжановтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстар және 2017 жылға алға қойылған мақсат-міндеттері туралы аудан тұрғындары алдында есептік кездесуі өтті. Кездесуге Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары А.Өтеғұлов, облыстық сот төрағасы Б.Әмет, облыстық басқармалар мен аудандық бөлімдер басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ауылдық округ әкімдері және аудан тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

"НұрОтан" партиясы аудандық филиалы ғимаратында партияның аудандық филиалы төрағасы Н.Рахымжановтың қатысуымен қоғамдық қабылдау жүзеге асты. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды филиал төрағасының алдына қойып, қанағаттанарлық жауаптар алынды.

Аудандық орталық аурухана ғимаратында "Нарын шуағы" әйелдер қоғамдық бірлестігінің (төрайымы Г.Бисекенова, орынбасары А.Есмағұлова) ұйымдастыруымен "Ұлт болашағы - аналардың қолында" атты "дөңгелек үстел" оздырылды. Жиынға аудандық аурухананың дәрігерлері мен медбикелері, жас бойжеткендер мен жас аналар қатысты.