Қайырымдылық айлығында ауданның барлық ауылдық округтерінде белсенді жастардың ұйытқы болуымен "Үлкенге құрмет" акциясы оздырылып, акция барысында жалғызбасты қариялар, мүгедектер мен зейнеткерлерге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Ағымдағы жылдың 28 қазаны күні Т.Масин ауылдық округінің орталығы Бөрлі ауылында ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне және жазғы науқандық жұмыстардың аяқталуына байланысты аудандық деңгейде бірнеше іс-шара өтті. Атап айтар болсақ, Бөрлі су тарату қондырғысының іске қосылуы, Бөрлі фельшерлік-акушерлік пунктіне "жедел жәрдем" автокөлігін табыс ету, ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын, мерекелік концерт, дала қызықтары.

Қайырымдылық айында Хан ордасы ауылының кездесуге әлеуметтік қызметкерлермен «Жасұлан» қоғамының оқушыларымен тәлімгерлері «Аялы алақан» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында ауыл тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағалиев Нәсіпқалидың үйінде болып, атайға арнаған әндерін айтып, батыр ардагердің көрген-білген ақылын, өмірден түйген ойларын тыңдады.

Еңбек еткенге бақ та, дәулет те бітеді.  Екі қолға бір күрек  тауып, «жұмыссыздық жырын»  азайтып, күнкөріс деңгейін жоғарылатамын деп ниет еткендер үшіне мемлекет жағдай жасап келеді әрқашан. Биылғы жылдың ақпан айынан жүзеге асқан «Өрлеу» жобасы сөзімізге дәлел. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бағдарлама қарапайым халыққа жаңа мүмкіндіктер беріп отыр. Нақты айтқанда, табысы  төмен, қаржыға мұқтаж отбасылар  ақшалай жәрдемге ие болып,  жұмысқа орналаса алады. Сондай ақ,  мамандықтарға  оқытуға, қайта оқытуға, қоғамдық және әлмеуметтік жұмыс орындарына тарту аталмыш жобаның негізгі мақсаты.   Аудан бойынша 66  жанұя осы  бағдарламаның тиімділігін көріп отыр.

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қазпочта» АҚ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік корпорацияның қызметтерін «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында және ҚР "Отбасы күніне" орай салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында аудандық "Нарын жастары" ЖҚБ және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Толағай" отбасылар сайысы өтті.

"Туған жер" бағдарламасын іске асыру бойынша туған өлкедегі қасиетті де киелі жерлер мен саябақтарды тазалау, тал-теректер отырғызу бағытында Бисен ауылындағы М.Ысмағұлов саябағында тазалық жұмыстары жүргізілді.