Қайырымдылық айлығы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және аудандық «Нарын жастары» жастар, «Нарын шуағы» әйелдер қоғамдық бірлестіктері Сайқын ауылындағы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға тегін киім-кешек үлестіріп, сауапты іске ұйытқы болды.

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің  дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадамдарды белгілеген. Солардың ішіндегі соңғы 10 қадам «Есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру» реформасын іске асыруға бағытталған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жаңа пилоттық жобаны іске қосты, бұл жоба шеңберінде баланың туылуын тіркеуді, бала туу мен оның күтіміне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктілікке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуді, сондай-ақ баланы балабақша кезегіне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композитті қызмет көрсету барлық 4 қызметке бір уақытта перзентханада өтініш қабылдауды білдіреді.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанныңөсімдіктер әлемінің100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы,арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік қызметтерді алу үшін фронт-офистерді  жаңғырту  жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір кеңседе корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің біріңғай ақпараттық базасы, кедергісіз қызмет көрсету, электрондық кезек енгізілді, сондай-ақ нақты жұмыс режимінде мемлекеттік қызмет көрсету процесін бақылауға болатын ахуалдық орталық енгізілді. Бөлімдердің көпшілігі сағат 9.00-ден 20.00-ге дейінгі жұмыс кестесіне көшті.