Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Саралжын ауылында ауданның солтүстік аймақтық М.Бегалиева, Қ.Сағырбаев және Ш.Жексенбаев атындағы орта мектеп оқушылары арасында волейбол ойынынан жарыс өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Хан ордасы ауылында жаңадан бой көтерген жасыл алаңның ашылуына орай ауыл жастары арасында шағын футболдан жарыс. Тартысты өткен аяқ доп шеберлерінің бәсекесінде 1 орынды Жәңгір хан атындағы орта мектебінің мұғалімдері жеңіп алса, 2-3 орындарды тиесінше ауыл жастары мен спорт мектебінің командасына бұйырды. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жекелей сында жақсы өнерімен көзге түскен ойыншыларға ауылдық округ әкімі М.Сисенов мақтау қағаздарын табыс етті.

Т.Масин ауылдық округінің орталығы Бөрлі ауылында қазақ күресінен спорт шеберіне үміткер Ақылбек Рысқалиевті еске алуға арналған қазақ күресінен 2000-2002 жылдары туған жасөспірімдер мен түйе палуандары арасында облыстық турнир өтті.

Бөкейорда ауданының тұрғындары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ фронт-кеңселерінен барлық қажетті анықтамаларды ала алады және құжаттарын ресімдей алады. Фронт-кеңселер дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды және 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Бөкейорда ауданы бойынша 1 (бір) фронт-кеңсе Сайхын а., Берғалиев көш., 1 мекенжайы бойынша қызмет көрсетеді. Анықтама тел. 8-7114-02-18-47, 8-7114-02-18-48.

Аудандық демалыс орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Бисен ауылдық округінің концертік бағдарламасы өтті.

Аудан орталығы Сайқын ауылында барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысқан сенбілік өтті. Сенбілік барысында басты көшелерге 1000-нан аса ағаш көшеттері отырғызылды.

Аудан әкімінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі аудандық азаматтық қорғау қызметтері туралы шешіміне сәйкес, қыс мезгіліндегі ықтимал төтенше жағдайлардағы әрекетке дайындығын тексеру мақсатында 20 қазаны күні аудандық азаматтық қорғау қызметтерінің саптық байқауы өткізілді. Байқауға аудандық азаматтық қорғаныс қызметтерінің жеке құрамынан 79 адам, 37 көлік, соның ішінде 13 инженерлік құрал қатысты.