рисунок

Аудан әкімі Н.Рахымжанов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Таңатов, "НұрОтан" партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Арыстанбеков, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Т.Апакаев, аудандық қорғаныс істері бөлімінің бастығы Д.Қадырғалиев, Орда ауылдық округі әкімі М.Сисенов 9 мамыр - Жеңіс күні қарсаңында Хан ордасы ауылының тұрғыны Нәсіпқали Жұмағалиевтің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.

рисунок

7 мамыр күні Сайқын ауылында Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, аудандық демалыс орталығында салтанатты жиын, аудандық аурухана ұжымының әзірлеген мерекелік концерті өтті. 9 мамыр күні «Қару аманаты» саябағы, Қызыл Тулы 196-шы Гатчинск атқыштар дивизиясы, Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова алаңы мен мектебінің алдындағы ескеркіштер алдында мерекелік жиын өтіп, гүл шоқтары қойылды. Одан әрі мерекелік шара қан майданға қатысқан бабаларға құрмет көрсетуге «Өшпес полк» акциясымен жалғасты. 

рисунок

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауданның барлық ауылдық округтерінде 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, тарихи ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

рисунок

Бисен ауылында ауған соғысында қаза тапқан «Қызыл жұлдызды» интернационалист-жауынгер Зүлзала Жиеналивті еске алуға арналған волейболдан дәстүрлі турнир өтті.

рисунок

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі. Бұл еліміздегі ең жарқын және мерейлі мейрамдардың бірі. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 150-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруі үшін береке мен ынтымақ, бірлік пен бейбітшілік аса қажет. Сондықтан бұл мейрамның маңызы зор. Тәуелсіз Қазақстанда мейрам 1996 жылдан бастап тойланады. Аталмыш мереке Бөкей ордасы ауданында да тойланып, басты көшелермен шерулетіп шыққан ауыл тұрғындары, мекемелер мен ұжымдардың арнайы дайындаған елімізде тұратын әр ұлт өкілдерінің киімін киіп, сол тілде тілек айтып, би билеген өнерлерін тамашалады. Шара соңында  белсенді қатысушыларға марапат қағаздары табыс етілді.