рисунок

Ауданның барлық округтерде жастар ұйымдары өкілдерінің қолға алуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында "Өзіңнен баста!" акциясы оздырылып, тұрғындарға жадынамалар таратылып, ақпараттық тақтайшаларға мәліметтер ілінді.

рисунок

Облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Стексов пен басқарма басшылары жұмыс сапарымен Бөкей ордасы ауданында болып, бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарының (Сайқын ауылдық округі - "Хан" сүт өнімдері кешені, "Ерсайын" шаруа қожалығы; Бисен ауылдық округі - А.Каукешев, Ораз шаруа қожалықтары) жай-күйімен танысты.

рисунок

Ұялы ауылында "Жастарға кеңес" жобасы аясында жұмыссыз жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша ақпараттық кеңестер берілді.

Қазақы махаббаттың символына айналған "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" күніне орай, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, "Нарын жастары" жастар қоғамдық бірлестігі жəне Мұратсай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мұратсай ауылында ауданаралық деңгейде әуесқой әншілердің дуэттік орындауында "Ең үздік махаббат әндері" байқауы оздырылды.

Аудан орталығы Сайқын ауылында биылғы жылы VІІІ мәрте жалауын желбіреткен "Қазақстан барысы" республикалық турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Жастарға дін туралы түсініктер беру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында М.Бегалиева атындағы орта мектепте "Жастарды деструктивтік діни ағымдардан сақтандыру жолдары" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті. «Дөңгелек үстел» барысында мектептің дінтану пәнінің мұғалімі мен психологі оқушылардың сұрақтарына жауаптар беріп, аталған тақырып бойынша баяндама жасады.

Аудан орталығы мен барлық ауылдық округтерде "Гүлдене бер, туған жер" атты сенбілік барысында аулалар мен көшелер тазаланып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілікке аудан тұрғындары, мекеме қызметкерлері мен жастар қатысты.