Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында 1961-63 жылдары Бисен кеңшарында дәрігер болып қызмет еткен Қозыкеш Қасымұлы Омаровтың 75 жылдық мерейтойы Бисен ауылдық мәдениет үйінде атап өтілді.

Аудандық демалыс орталығында ару қала, еліміздің бас қаласы - Астананың туған күніне орай салтанатты жиын, мерекелік концерт, үстел теннисі, дойбы мен шахматтан жарыстар өтті.

«Атамекен» ҚР ҰЭП Бөкей ордасы филиалының ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өтті. Кездесуге облыс орталығынан БҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Н.Каиршин қатысып, кәсіпкерлер мен жаңадан кәсіп ашамын деген азаматтарға өз саласы бойынша түсініктер беріп, кәсіпкерлік курсқа қатысқан жерлестерімізге сертификаттар табыс етті.

Аудан орталығы Сайқын ауылында "Теріс діни ағымдар, адасушылық" тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев қатысты. Кездесуде барысында залалды, теріс діни ағымдардың қоғамға және жеке адам тәрбиесіне зияны, жастарды ұлттың қасиетті құндылықтарынан күстіріп мүгедек ететін зардаптар, турасында түсіндірілді. Оған қоса отбасындағы тәрбие, оның ішінде ұл-қыз тәрбиесіне ата-ананның жапаукершілігін арттыру, ұлтаралық татулық, бірлік, ынтымақ турасында өзек жарды ойлар айтылып өтті.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында "Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері", халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақ Жайықтың ақ шағаласы Ақұштап Бақтыгереева Бөкей ордасы ауданына келді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақыны қайта есептеді. 1 шілдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдері жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетін болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға  өседі.  Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында берді.