1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

ЕНПФ«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаруды ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерін сенімді басқару туралы келісім жасалды. Басқарудың тиімділігін арттыру, инвестициялау бағыттары мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін  салатын қаржы құралдарының тізімін белгілеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган  - ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес.  БЖЗҚ зейнетақы активтерін сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтері қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепілдік береді деп айтуға толық негіз бар.

1. Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

ЕНПФБүгінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады. Олар:

1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;

2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

3) ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 497-бабының 1-тармағына сәйкес, салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және тиісті санаттарға тиесілі болуына қарай қарастырылады.

рисунок

6 шілде - Астана қаласының 20 жылдығына орай, аудан орталығы мен ауылдық мәдениет үйлерінде салтанатты жиындар мен мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Мерекелік шаралар барысында әр салада жемісті еңбек еткен жандарға мерекелік медальдар мен «Алғыс хаттар» табыс етілді. Кешкілік халық серуені ұйымдастырылып, әр түрлі форматта мәдени-спорттық іс-шаралар өтті.

рисунок

Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай, Мұратсай, Ұялы ауылдарында ашық аспан (Open Air) астында мерекелік концерттер өтті. Шараға қатысқан ауыл өнерпаздары бас қалаға арналған әсем әндерді шарықтатса, мың бұрала билеген жастар өз өнерлерімен көрермендердің қошеметіне бөленді.

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2018 жылғы «26» маусым                                                                                          Астана қ.

29 06 18 news 1 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ҚР ІІМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкімет порталында жаңа сервисті пилоттік режимде іске қосты. Енді қазақстандықтар автокөліктерін онлайн тәртіпте тіркей алады.