12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай, белсенді жастар және студенттердің қатысуымен «Жасампаз жастар – елдікке бастар» атты аудандық концерт өтті. Өнерлі жастар ән де салды, күй де шырқады, би де биледі, өздерінің ақжарма лебіздерінде айтты. Жастардың төл мерекесінде ауданның жастар саясатына өз үлестерін қосып жүрген жастар аудан әкімі Н.Рахымжановтың "Алғыс хатымен" марапатталды.

Батыс Қазақстан облыстық "Орал өңipi", "Приуралье" газеттерінің 100 жылдығына орай, "Жайық пресс" ЖШС бас директоры Ж.Сафуллин бастаған экспедициялық топ алғашқы баспахана ашылған, тұңғыштардың мекені Хан ордасы ауылында болды.