Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында 2014 жылдың 17 қаңтар күні Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдау мақсатында аудан активінің жиналысы өтті. Алдымен, аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов баяндама жасап, Жолдауда айтылған басым бағыттар мен міндеттерді жеткізіп, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық мекеме басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Одан кейін жиын күн тәртібі бойынша жарыссөзге көшіп, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Т.Арыстанбеков, Орда ауылдық округінің әкімі М.Аққалиев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Еркеғалиев, кәсіпкер Р.Утеев, аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы С.Хайруллин, Бөкей ордасы колледжінің директоры Б.Лұқпановтар Жолдауға байланысты өз пікірлерін ортаға салып, басты құжатты толық қолдайтындықтарын білдірді.

 

Жиын соңында аудан активінің қарары қабылданып, қатысушылардың барлығы бірауыздан келісетіндіктерін мәлім етті.