«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оқыту тілі-орысша) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Іс-қағаз жүргізушісі -1 бірлік;

Біліктіліктілігне қойылатын талаптар: жоғары немесе  арнаулы орта білім.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Іс-құжаттарын жүргіу тәртібі туралы ереже, Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы Заңы, Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық.

Лауазымдық міндеттері : Мекемеге келген телефонограммалар, факстер қабылдайды және жөнелтеді. Мекеменің кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, қызметкерлерге уақытылы тарату, орындалуын қадағалау. Жеке және заңды тұлғалардан келген арыз-шағымдармен жұмыс, жылдық, тоқсандық есептерін тапсыру. Электронды құжаттар айналымының бірыңғай жүйесі құжаттарымен жұмыстану. Мекеме бұйрықтарын жазу және тиісті білім мекемелеріне уақытылы жеткізу. Аудандық мұрағаттар бөліміне номенклатураға сай құжаттар тапсыру.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

-конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

-лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Қажетті құжаттар хабарландыру «Орал өңірі» газетіне жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайларға тапсырылуы тиіс:

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Масин көшесі №5 мекен-жайы бойынша орналасқан М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін  мектебінің қабылдау бөлмесі.