Жамбыл ауылы                                     № 7                                     13-наурыз 2018 жыл

сағат  10:00

Жиналыс төрағасы: Қ.Саматов – Бисен ауылдық округі әкімі

Жиналыс хатшысы: Е.К.Рахимов – «Бисен ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы

Жиналысқа қатысқандар:Н.Е.Утеғалиев – ауылдық жастар жетекшісі,

                                                  Б.Ижанов – Жамбыл ауылының ауылнайы 

                                                  және ауыл тұрғындары

Жиналысқа қатысқандар саны: 43

Күн тәртібінде:Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан түскен арызға сай Жамбыл ауылына «Жетібай» атауын қайтару

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Қ.Саматов сөз бастап, елді мекендердің құрамдас бөліктерніе атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың  атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту шарттарымен таныстырып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдауға келіп отырғандығын айтып өтті.

Сөз сөйлеушілер:

1. Құспанғалиев Салахаден – ауыл тұрғыны

Бисен ауылдық округіне қарастыЖетібай ауылының белгісіз себептермен Жамбыл ауылы аталғанына 40 жылға таяп қалыпты. Жамбыл атауымен қалып қойған ауылымызға «Жетібай» атын беру жөнінде ауыл тұрғындары атынан сұраймын. Қазіргі ауыл тұрғындарының өздері де, далада жүргендері де, жастары мен кәрілері де ауылдың ескі атауы «Жетібай» деген атпен атап кеткендіктен, сол атауы өзмізге ыстық болады да тұрады. Кейінгі ұрпаққа қалдыру үшін, біліп жүрсін деген мақсатта ауылымыздың ескі атауын тез арада алсақ деген ойдамын.

2. Мұханбетчин Сейтқайыр – ауыл тұрғыны

Құрметті ауыл тұрғындары! Халық, елімнің, жерімнің атынан, жанұямның атынан Жамбыл ауылына ескі «Жетібай» атын беруіңізді сұраймын. Жетібай ауылы көптеген танымал адамдар, атақтылар, дарындар  мен талай батыр адамдар шыққан жер. Атап айтсақ, Жүнісқай, Жанасбай әулие аталар, Қаражан қажы, Жиенбет би, Малтахан би, Қырым қожа батыр, Жанқұт батыр туып өскен, кіндік қаны тамып, ат аунатып, түк қалған жер Жетібай.

Нарынның Жетібай киелі даласы бар

Талай ұрпақ өсіп-өнген қаласы бар,

Малтақан би, Тапал қажы аталардай

Тайырдай, Қайрат ақын данасы ғой –деп, Орал Қазақ Драма театрының режиссері Самал Абуов Қадерұлы жырлағандай Жетібай ауылында дарындарымыз жетерлік. Ендеше осы ата-бабаларымыздың аруағы үшін, елдің киесі үшін  Жетібайдың төл аты өзіне қайтарылса.

3. Ижанов Бисен – Жамбыл ауылының ауылнайы

Жамбыл ауылында кезінде Жетібай ауылдық кеңесі болғаны мәлім. Поштаның мөріне дейін Жетібай деп жазылған, бастауыш мектеп 70 жылдарға дейін Жетібай бастауыш мектебі деп аталған. Сол мектептеТеміров Мақу, Меңдібай ата, Жанғалиев Меңдіхан, Рахметова Манзиға т.б. аға-апаларымыз басшылық жасаған. Атақты шешен Малтақан би, Жарок, оның ұлы атақты Тайыр Жароков, журналист, қайраткер Ғұмар Аққұлақов, Данқ орденінің толық иегері Жәрдем Сұпығалиев, СССР Жоғарғы советінің депутаты Рахима Боранғалиева, Социалистік Еңбек ері Қади атамыз, Ленин ордені шопан Бақыт Әжібаев осы Жетібай ауылында еңбек еткен. Жалпы Орда ауданының атақты адамдарының көбі осы Жетібай ауылында туған. Міне, осы адамдардың барлығы Жамбылда емес Жетібайда өмір есігін ашқан. Сондықтан айтылып жатырған ауыл-тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін қолдаймын және Жамбыл ауылына Жетібай атауын қайтаруды сұраймын.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жамбыл атауын Жетібай атауына өзгертуге дауыс беріліп, толықтай қолдады. Қарсы болғандар болған жоқ.

Қаулы

1. Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылына бұрынғы «Жетібай» атауы беріліп, қажетті құжаттары жинақталып, тиісті орынға жіберілсін.

2. Ауыл тұрғындарынан түскен ұсыныс – пікірлер толықтырулармен негізге алынсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл әкімінің құзырына қалдырылсын.

 

Жиналыстың төрағасы:                                                Қ.Саматов

 

Жиналыстың хатшысы:                                                Е.К.Рахимов

 

 

13-наурыз күні Бисен ауылдық округі әкімінің Жамбыл ауылының тұрғындарымен өткізген жиналысына қатынасушылар тізімі:

  1. Құспанғалиев Салахаден                          38. Қауысов Нұрлыбек
  2. Мұраталиев Аманғали                               39. Сарсенғалиев ерсайын
  3. Мақсотов Мұстахим                                  40. Сухоносов Еркебұлан
  4. Мұханбетчин Сейтқайыр                            41. Сейтқалиев Серік
  5. Ижанов Бисен                                           42. Мырзабаев Ерген
  6. Сарсенғалиев Ермек                                 43. Губашев Нұрбол
  7. Артығалиев Шаймардан
  8. Аубакиров Асқар
  9. Сарсенғалиев Асқар
  10.  Мұханбетчин Қайырлы
  11.  Мақсотов Мағим
  12.  Сарсенғалиев Жақсыбек
  13.  Мұраталиев Манарбек
  14.  Ижанов Хасен
  15.  Ижанов Асан
  16.  Ижанов Жасұлан
  17.  Ижанов Ғалым
  18.  Қауысов Биболат
  19.  Дауленов Хажиолла
  20.  Нұршалиев Меңдіхан
  21.  Нұршалиев Өтеген
  22.  Қуанғалиев Қайыржан
  23.  Мырзабаева қарлығаш
  24.  Құспанғалиева Гүлназ
  25. Шынғалиева нағима
  26.  Хатуллин Мардан
  27.  Суханосова Арайлым
  28.  Қауысова Гүлжиян
  29.  Мұраталиева Гүлмира
  30.  Жұмағалиев Жайдарбек
  31.  Бияшев Ерболат
  32.  Мұханбетчин Берқайыр
  33.  Мұханбетчин Кенжебек
  34.  Таженов Бахтияр
  35.  Дауленов Шыңғыс
  36.  Тұнғатаров Сағыныш
  37.  Дауленов Сағыныш