«Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алатын болады»

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы қаңтар

 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі бірнеше бөлімнен тұрады.

Олар – мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы төлемдері. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыскердің 10 пайыздық міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің қаражатынан еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерінің пайдасына аударатын 5 пайыздық міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтар. Бұл мақалада БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдері жайында әңгіме қозғалады.

 

Зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін білу, түсіну, болашақ зейнеткерлерге құрметті демалысқа алдын ала дайындалуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Яғни, болашақ туралы, зейнетақы туралы, еңбекке қабілетсіз жастағы қаржылық тәуелсіздік туралы ерте бастан ойлану керек.   

Зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі толығымен мемлекеттің жауапкершілігінде болған уақыт келмеске кетті. Әрине, қазір де мемлекетіміз жауапкершіліктен толығымен бас тартпайды. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты ай еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ортақ зейнетақы әлі де төленіп келеді. Сонымен қатар қазір барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде базалық зейнетақы төленеді.

Бірақ, қазіргі заманда зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскерге оңтайлы үлестірілуі тиіс.  

Жинақтаушы зейнетақының қандай болатындығы жұмыскердің өзіне байланысты. Қанша жинасаң, сонша аласың. Бұл ақылға қонымды логика.

Сондықтан, жалақыларын «конвертпен» алатын азаматтар болашақта қомақты зейнетақы алудан құр қалатындарын білулері тиіс. 

2018 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақының өсетіндігін естідім. Осы туралы білгім келеді. Тағы бір сұрақ, биыл Қазақстанда ең төмен және орташа зейнетақының мөлшері қандай?

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен екі түрлі зейнетақы төленеді. Бірі - ортақ (еңбек) зейнетақы болса, екіншісі - базалық зейнетақы. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ортақ зейнетақы 8 пайызға, ал базалық зейнетақы 6 пайызға өсті. Осылайша, базалық зейнетақыны ескере отырып айтар болсақ, қазіргі таңда елімізде ең төмен зейнетақы 40 019 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері 71 333 теңгені құрайды. Бұл өзгеріс барлық зейнеткерлерге тиесілі.

Сонымен қатар, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістемемен есептелетін болады. Яғни, енді базалық зейнетақыны тағайындағанда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі жылдардағы еңбек өтілі толық ескеріледі. Яғни, еңбек өтілі жоғары болған сайын, базалық зейнетақының мөлшері де ұлғая түседі деген сөз.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Б.Жаникешов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оқыту тілі – қазақша) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі(уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орны) – 1 бірлік;  

 

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

2018 жылдың 13-ші наурыз күні сағат 11.00-де Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде тұрғындармен жиналыс өткізіледі. Онда ауыл тұрғындарының тарихи атауын қайтарып беруін сұрап жазған арыздарына сай, Жамбыл елді мекенін Жетібай елді мекені деп өзгерту мәселесі қаралады

Бисен ауылдық округі әкімшілігі

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне    салық    салу    мәселелері    бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді:

Заңның 1-бабы, 7-1) тармақшасымен толықтырылды және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары бойынша ұғым енгізілді:

7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар.

Заңның 7-бабының 10-тармағына келесі өзгерістер енгізілді:

10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

Заңның  9-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары («Алкоголь өнімін:) мынадай редакцияда жазылды:

5) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды, Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз. Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда, өз еркімен таңдай алады. 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Құрметті аудан тұрғындары!

Бөкей ордасы ауданы әкімдігі, ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні аудан әкімі Рахымжанов Нұрлан Сағынтайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайтындығын хабарлайды.

 

Өтетін орны: Аудан әкімі аппаратының ғимараты

Уақыты: сағат 15:00

Байланыс телефоны: 21-1-30, 87771941810

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне    салық    салу    мәселелері    бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді:

Заңның 1-бабы, 7-1) тармақшасымен толықтырылды және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары бойынша ұғым енгізілді:

7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар.