Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:

-  дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;

- электрондық пошта арқылы - үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;

-  Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;

- интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз.

- ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» - «Зейнетақымен қамтамасыз ету» - «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады.

2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін «мектеп-бөбекжай» кешені КММ (оқыту тілі – қазақ тілі) төмендегі азаматтық қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Бастауыш сынып мұғалімі - 1 бірлік.

 Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды,  жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағам аман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», - деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді  ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға, тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді... Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды... Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.  

  1. Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйі туралы ақпаратты қандай жиілікпен ала алады?

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдісімен жүргізіледі. Бұл үшін алушы (салымшы) келесі хабарландыру әдістерінің бірін таңдауы тиіс:

- БЖЗҚ  офисіне жеке өзі келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың  (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерінде немесе ақпараттандыру әдісін өзгерту/таңдау туралы қосымша келісімде көрсетілген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдіс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бір жылда) бір мәрте;

- пошта байланысы арқылы – жылына бір мәрте;

- интернет-ақпараттандыру – онлайн режимінде; ақпараттандырудың бұл әдісі арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильді қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкіметтің сайтындағы «Әлеуметтік қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзінді-көшірме» бөлімінен ҚР электрондық үкімет порталында тіркеліп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады.

1. Сайқын ауылдық округі бойынша психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балаларды және 18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер – 1 бірлік.

 

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: арнаулы орта, жоғары  әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, немесе негізгі орта және әлеуметтік даярлық туралы сертификаты болуы. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы»«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдар және азаматтарға әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша өзге нормативтік құжаттар; балалар мен 18 жастан асқан адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұйымдастыру жөніндегі негізгі қағидаттар; коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру; балалар мен 18 жастан асқан адамдарды үй жағдайында күту бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар; шұғыл дәрігерге дейінгі көмек көрсету тәсілдері; еңбек туралы заңнаманың негіздері; өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау нормалары мен ережелері.

«Бөкей ордасы ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ ауыл шаруашылық құрылымдарына Қазақстан Республикасы Премьер минстрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес  2018 жылдың 20 қаңтарынан бастап құжаттар қабылдайтынын және 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрыққа, Қазақстан Республикасы Премьер минстрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 490 бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілгенін сонымен қатар 2017 жылғы 27 қаңтардағы Қағиданы және 2017 жылғы 14 желтоқсандағы өзгерістермен толықтырулар енгізілген хабарлайды.

Қосымша ақпарат алам деушілерге. Анықтама 8(71140)21-2-80 телефоны арқылы немесе Сайқын ауылы, Т.Жароков к, № 31 үй. 1-қабат. Ауыл шаруашылығы бөлімінен  алуға болады. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 8.30-12.30 және 14.30-18.30 аралығы.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары (ҚазақстанРеспубликасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы «27» қаңтардағы № 30 бұйрығына 1-қосымша) (pdf, 625 Kb)

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 490 бұйрығы.) (pdf, 298 Kb)