Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 122-VI  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне    салық    салу    мәселелері    бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына(бұдан әрі – Заң) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілді:

Заңның 1-бабы, 7-1) тармақшасымен толықтырылды және есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары бойынша ұғым енгізілді:

7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар.

Заңның 7-бабының 10-тармағына келесі өзгерістер енгізілді:

10. Этил спиртін (коньяк спиртінен басқа) өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

Заңның  9-баптың 3-тармағының 5) және 6) тармақшалары («Алкоголь өнімін:) мынадай редакцияда жазылды:

5) Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

Сонымен қатар, сіздердің назарыңызды, Заңда қолдануға рұқсат етілген аспаптардың белгіленген тізбесі көзделмегендігіне аударамыз. Алкоголь өнімін көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын субъектілер нарықта ұсынылған аспаптардың түрлерін, егер ондай аспаптар ЕБМ маркаларының қорғау элементтерін айқындауға және (немесе) ЕБМ-нан ақпаратты оқуға мүмкіндігі бар болған жағдайда, өз еркімен таңдай алады. 

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет), Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ туралы Заң) 3-бабының 1-тармағы 13)-16)-тармақшаларына сәйкес,

лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

ломбардтар;

бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар қаржы мониторингі субъектілеріне жатады деп білдіреді.

Қаржы мониторингі субъектілерімен міндетті түрде орындау үшін КЖ/ТҚҚ туралы Заңымен рәсімдер көзделген.

КЖ/ТҚҚ туралы Заңының 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Комитетке, қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаржы мониторингі субъектісі болып табылатын тұлға қызметінің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама, «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорлар» ақпараттық жүйесінде (www.elicense.kz) («Қаржы» бөлігі – «Хабарлама жасау тәртібі») автоматтандырылған.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Салтанат» бөбекжайы» МКҚК  төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Көмекші тәрбиеші (уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орны)– 1 бірлік;

Лауазымдық міндеттері: Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, тәрбиеленушілердің тіршілік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, мектепке дейінгі ұйымға келген уақыттан бастап оларға күтім жасайды (киінуге, шешінуге, жууынуға, тамақтануға, төсекке жатқызуда көмек көрсетеді, емдік-профилактикалық іс-шараларға бірге барады, тәрбиешінің жетекшілігімен балаларды қыдыртады, өндірістік қажеттілікке байланысты тәрбиеші болмаған аз уақыт кезеңінде кіші бөлімдер бойынша сабақ өткізу уақытында балаларға қарайды). Балалардың денсаулығына және өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Педагогикалық, түзету-білім беру, оңалту процестеріне қатысады (егер мүгедек балалардың өз еркімен қимылдауы денсаулығына байланысты шектелген жағдайда олардың сабақ оқуына көмектеседі). Балаларға санитариялық-гигиеналық күтім көрсету бойынша, сонымен қатар мүгедек балаларға орнынан қозғалту және өз-өзіне қызмет ету кезінде шұғыл іс-шаралар кешенін жүзеге асырады; олардың күн тәртібінің сақталуын бақылайды. Балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға, олардың психофизикалық дамуын ынталандыруға бағытталған тәрбиешінің ұсыныстарын орындайды. Санитариялық-гигиеналық ережемен белгіленген бекітілген ғимараттың санитариялық жағдайының сәйкестігін қамтамасыз етеді. Топтағы құрал-жабдықтардың және жиһаздардың сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық және медициналық қызметкерлермен тәрбиелік білім беру және сауықтыру жұмыстармен қамтамасыз ету бойынша өзара қызмет атқарады.

«Бөкей ордасы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-і,  «БҚО Бөкей ордасы ауданы Қарасу ауылының су құбырының құрылысы», «БҚО Бөкей ордасы ауданы Әжен ауылының су құбырының құрылысы», «БҚО Бөкей ордасы ауданы Кеңой ауылының су құбырының құрылысы», БҚО Бөкей ордасы ауданы Жармеңке ауылының су құбырының құрылысы»  су құбыры жұмыс жобаларына сауалнама түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарлайды.

Мүдделі тұлғалар жұмыс жобаларының «Қоршаған ортаны қорғау»бөлімі материалдарымен мына мекен-жай бойынша

Орал қаласы, Чурина көшесі,119Н1 үй «Уралводпроект» ЖШС таныса аласыз,тел:8(7112)53-50-57,53-51-64,элетрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Жұртшылықтың пікірін ескеру ұшін сауалнама электронды түрде Бөкей ордасы ауданы әкімінің интернет-ресурсында https://bokeyorda-bko.gov.kz орналасырылады және тапсырыс берушінің Бөкей ордасы ауданы,Сайқын ауылы,Т.Жароков көшесі 31 мекен-жайы бойынша ала аласыз. Электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Елбасының тапсырмасына сәйкес елімізде Қазақстан Республикасының қылмыстық және іс жүргізу процестері заңдылықтарын жаңғырту бойынша көптеген іс шаралар жүргізілуде.

Жаңғыртудың жаңа кезеңі қылмыстық қудалау процестерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп, азаматтардың құқықтарын сақталуына және қылмыстық процестің шынайылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аталған өзгерістер бірінші кезекте азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімділігін арттыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік негіздерін жаңарту заңнамалық актілеріне енгізілетін қосымшалармен толықтырулар келесі 5 негізгі бағытты қамтиды:

- адам құқығын қорғауды нығайту;

- тараптардың жарыспалылығын арттыру, қорғаушылардың құқықтарын арттыру;

- тергеу процессін жеңілдету және оны үнемділігін қамтамасыз ету,

- соттық бақылауды кеңейту;

- сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында құзыреттілікті нақты бөліп оның қайталануын болдырмауға бағытталған.

  1. Ерікті зейнетақы жарналарын кім және қашан ала алады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында  зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, құжаттар топтамасы ұсынылған соң БЖЗҚ белгіленген мерзімде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады (ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ережеге сәйкес 10 жұмыс күні белгіленген, бірақ іс жүзінде бұл бар болғаны 3-4 күнді алады).

Қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (Қорға өзі келгенде/пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы жүгінгенде), сондай-ақ төлем валютасының түріне қарай өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтында орналастырылған.