«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Б.Жаникешов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оқыту тілі – қазақша) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Дефектолог (уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орны)– 1 бірлік;

Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын қарастырады.Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады. Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі тиіс.Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша ағарту қызметін жүргізеді.Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР Еңбек кодексін, «Білім туралы» ҚР заңы, «Бала құқықтары туралы конвенция», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін, кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді, дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді, дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М.Бегалиева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оқыту тілі – қазақша) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

География пәні мұғалімі (уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орны) – 0,5 бірлік.

Лауазымдық міндеттері : Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Шешім                                                                                        Решение

 

 10 қазан 2017 жыл  №12-8                                                                   

Сайқын ауылы                                                                                                      село Сайхин

 

Аудандық мәслихаттың 2014  жылғы

16 сәуірдегі  №16- 1 «Сайлау комиссияларын

сайлау туралы»  шешіміне  өзгерістер  енгізу

туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық  Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес  Бөкей ордасы  аудандық  мәслихаты  ШЕШІМ  ҚАБЫЛДАДЫ :

  1. Аудандық (аумақтық), округтік, учаскелік сайлау комиссияларының бос тұрған құрамына саяси партия органы және қоғамдық бірлестіктердің ұсынуына байланысты қосымшаға сәйкес үміткерлер комиссия мүшелігіне қабылдансын.
  2. Осы шешім қол қойған күннен  бастап  күшіне   енеді.

 

Сессия  төрағасы                                  Н.Тажмұратов

 

Мәслихат хатшысы                              Е.Таңатов

http://www.kyzmet.gov.kz/kk/news/ozinnin-belsendi-azamattyk-ustanymyndy-bildir

Азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту 2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) негізгі басымдығы.

Қазіргі уақытта Агенттікпен аталған Стратегияны және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды орындау жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде.

Аталған жоспардың маңыздылығы алдағы үш жылда іске асырылатын елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты оған қосылған іс-шараларға негізделетін болады.

Аталған құжатты талқылауда азаматтардың белсенді қатысуына (сілтеме: https://drive.google.com/file/d/0B1wB55uxyZ-wcm5XM0ZqQWdFMWs/view?usp=sh...) және өздерінің ұсыныстары мен ескертулерін келесі мекенжай бойынша ((Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.https://www.facebook.com/ADGSPK/)) жолдауға шақырамыз.

Жамбыл ауылы                            № 12                         22-қыркүйек 2017 жыл

сағат  10:00

Жиналыс төрағасы: Қ.Саматов – Бисен ауылдық округі әкімі

Жиналыс хатшысы: Е.К.Рахимов – «Бисен ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы

Жиналысқа қатысқандар: Н.Е.Утеғалиев – ауылдық жастар жетекшісі,

                                                  Б.Ижанов – Жамбыл ауылының ауылнайы 

                                                  және ауыл тұрғындары

Жиналысқа қатысқандар саны: 43

Күн тәртібінде: Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылының тұрғындарынан түскен арызға сай Жамбыл ауылына «Жетібай» атауын қайтару

   Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл әкімі Қ.Саматов сөз бастап, елді мекендердің құрамдас бөліктерніе атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың  атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту шарттарымен таныстырып, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдауға келіп отырғандығын айтып өтті.  

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 29қыркүйекте сағат 10:00-де мекенжайды көрсетіңіз мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Шараға қатысушыларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы толыққанды және маңызды ақпараттар беріледі. Болашақ зейнеткерлер мына төмендегі сұрақтар бойынша жан-жақты ақыл-кеңес ала алады: 

  • белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
  • 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?
  • ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар?
  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі қандай?
  • қайтыс болған салымшының жинақтарының мұраға қалдырылуы;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі;
  • зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысындағы салық салу;
  • зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару.

Барлық қатысушылардың зейнетақы төлемдеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға және жеке ақыл-кеңес алуға мүмкіндіктері бар.

2017 жылғы 29 қыркүйекте Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалында  биылға осымен үшінші рет Ашық есік күні шарасы өтеді.Тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған бұл шараның кезекті тақырыбы «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» деп аталады. Бұл  салымшылардың көпшілігін толғандыратын маңызды тақырыптардың бірі екендігі белгілі.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрине, осындайжұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылатындығы сөзсіз.

Ал, қазақстандықтар алдағы болатын Ашық есік күні шарасына қатыса отырып, кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезеңділігі мен мерзімі туралы толыққанды мағлұматтар алатын болады.

«Салымшылардың көпшілігі зейнет жасына жақындағанда барып зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың тәртібі мен ерекшеліктері туралы білуге талпына бастайтындығы жасырын емес. Көп адам ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу мүмкіндігі мен зейнетақы жинақтары жеткілікті болған жағдайда оларды сақтандыру ұйымдарына аударға болатындығы жайында тіпті бейхабар. Одан басқа, өмірде әр түрлі жағдайлар орын алады емес пе!? Мысалы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеуге немесе зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыруға қатысты мәселелер туындайды. Сондықтан, біз тұрғындардың зейнетақы жүйесіне қатысты хабардарлығын және қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғыстыру қажеттігін көріп отырмыз», - деді «БЖЗҚ» АҚ __________филиалының мамандары.