Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 19.03.2010 жылғы №954 Жарлығының 27 тармағы мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 21.08.2017 жылғы №44 бұйрығының орындалу мақсатында, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін әр апта сайын жұма күні сағат 1430 - 1700 аралағында қабылданатынын хабарлайды.

22 қыркүйек күні сағат 11.00-де Бисен ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекенінде тұрғындармен жиналыс өткізіледі. Онда ауыл тұрғындарының тарихи атауын қайтарып беруін сұрап жазған арыздарына сай, Жамбыл елді мекенін Жетібай елді мекені деп өзгерту мәселесі қаралады

Бисен ауылдық округі әкімшілігі

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін «мектеп-бөбекжай» кешені КММ (оқыту тілі – қазақ тілі) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Дене шынықтыру пәні мұғалімі- 1 бірлік;

 Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Үштерек бастауыш мектебі» КММ (оқыту тілі – қазақша) төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Мектеп алды даярлық тобына тәрбиеші – 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, олардың оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді.

Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тапсыруды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, пәнді оқытудың, тәрбие жұмыстарының әдістемесін, пән кабинеттері мен қосалқы орынжайларды құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету талаптарын, оқыту тәсілдері мен оның дидактикалық мүмкіндіктерін, педагогика ғылымы мен білім берудің негізгі даму бағыттары мен перспективасын айқындайтын басқа да құқықтық нормативтік актілерді, еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен құқық негіздерін, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, психология, педагогика ғылымы мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама, қаржылық-шаруашылық қызмет негіздерін, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс, қауіпсіздік техникасы нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.

2017 жылдың 2 тамызда сағат 15:00 – 18:00 аралығында (Астана уақытымен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференциясы өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурстарында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақтарыңызды қою үшін kyzmet.gov.kz. мекен-жайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-порталына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, өздеріңіздің сұрақтарыңызды қоюға болады.

Бөкей ордасы ауданын, Ұялы ауылы,  Х.Маданов көшесі №7 мекен-жайы бойынша орналасқан «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін «мектеп-бөбекжай» кешені коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры иеленуге ашық конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.

Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Біз дәстүрлі «БЖЗҚ туралы 5 сұрақ» айдарын одан әрі жалғастырамыз. Онда осы айда БЖЗҚ қызметі, зейнетақы жинақтары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері жайында жиі қойылатын сұрақтар қамтылған.

  1. enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте қалай тіркелуге болады?

Жеке кабинетте тіркелу үшін, алдымен ақпарат алу тәсілі ретінде «интернет-хабарландыру» опциясын таңдап алу қажет. Егер сіз мұны жасамаған болсаңыз жеке басыңызды куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып, ақпарат алу тәсілін өзгерту жөнінде қосымша келісімге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытты ғана алады. «БЖЗҚ» АҚ сайтының «Интернет үзінді-көшірме» бөлімінде тіркелген кезде енді логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалануға болады. Ал құпия сөзіңіз, яғни пароліңіз ақпараттық қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Яғни, ол алты символдан кем болмауы тиіс және сандардан әрі латын әріптерінен құралуы керек.    

  1. БЖЗҚ кеңсесіне келмей-ақ тұрғылықты мекенжай туралы деректемелерді өзгертуге бола ма?

Өкінішке қарай, әзірге жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесіне келмей жеке деректемелерді өзгерту мүмкін емес. Зейнетақы жинақтарының құпиясы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңымен қорғалады. Сондықтан, біз деректемелерді салымшының/алушының өзі өзгертіп жатқандығына көз жеткізуіміз қажет. 

Қазіргі таңда БЖЗҚ-ның бүкіл республика бойынша 231 бөлімшесі жұмыс істейді. Бөлімшелер жұмыс күндері таңғы сағат 08:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күндері түске дейін жұмыс істейді.

БЖЗҚ-ға келген соң сіз тек жеке деректемелеріңізді өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар зейнетақы шотыңыз жайлы ақпарат алудың өзіңізге ең ыңғайлы тәсілін таңдай аласыз. Олар ақпаратты электронды пошта немесе enpf.kz сайтының жеке кабинетіндегі интернет-хабарландыру тәсілдері болуы мүмкін.

Қазіргі таңда БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға көрсететін қызметтер қатарын кеңейтуге күш салып жатыр. Көп ұзамай салымшылар мен алушыларға Қор сайтындағы жеке кабинетке кіріп деректемелерді өзгерту мүмкіндігі беріледі.     

  1. Егер мен зиянды өндірісте істейтін болсам, жұмыс берушім мен үшін қосымша жарна төлеуге міндетті ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) жұмыскердің айлық табысының 5 пайызы көлемінде белгіленеді.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен еңбек жағдайы зиянды болып саналатын жұмыспен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына жүзеге асырады.        

Мұндай жұмыстардың тізімі ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда қабылданған №1562-ші қаулысымен бектілген.

Егер еңбек жағдайы ауыр жұмыстар өндірістік нысандарды аттестациялау шарасы нәтижесінде тізімнен алынып тасталатын болса, жұмыс берушілер бұл үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аудармайды.     

Жұмыс беруші жұмыскерлеріне айлық жалақы төлегенімен, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын дер кезінде аудармаған болса, оны мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алады немесе жұмыс берушілер 2,5 еселік ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі шамасында есептелген өсімпұлмен қоса төлеуге міндетті. Бұл ретте мерзімі өткізілген әр күнге белгіленген қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өкілетті орган бекітетіндігін айта кеткен жөн. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының өз уақытында толыққанды төленуін қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады. Осылайша, жұмыс беруші БЖЗҚ-ға өзінің жұмыскерлері үшін міндетті зейнетақы жарналарын зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілген сәттен, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуға міндетті. Бұл ретте мына жәйтті ескере кеткен жөн, жұмыскердің пайдасына аударылған міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыскермен МКЗЖ есебінен ЖЗШ ашу туралы шарт жасалған жағдайда ғана оның жеке зейнетақы шотына есептелуі мүмкін.        

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның Операциялық бөлімінің

Сайқын елді мекеніндегі ҚКО маманы

А.Т.Кисметова