«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» КММ (оқыту тілі - қазақ тілі) төмендегі азаматтық қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Директордың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі- 1 бірлік.

Тәрбиеші (уақытша декреттік демалыстағы қызметкер орны)- 1 бірлік;

Біліктілікке қойылатын талаптар(Тәрбиеші): жоғары педагогикалық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі,тиісті мамандығы бойынша кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)білім.

Біліктілікке қойылатын талаптар (Директордың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі): бейіні бойынша жоғары білімі,тиісті мамандығы бойынша кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта)білім.

Қосымша талап: бұрын сотталмаған болуы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

-конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

-лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Лауазымдық міндеттері (Тәрбиеші): Балалар қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің дамуына ықпал етеді. Балалар мен жасөспірімдер бірлестіктерінің, ұйымдарының қызметін жоспарлауда оларға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен нысандарын жаңартуға ықпал етеді. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Қолданыстағы ұйымдар мен бірлестіктер туралы балалар мен жасөспірімдерді кеңінен ақпараттандыру үшін жағдайлармен қамтамасыз етеді. Балалар мен жасөспірімдерге азаматтық және рухани ұстанымын танытуға, өзінің мүдделері мен қажеттіліктерін іске асыруға, бос уақыттарын пайдалы өткізуге мүмкіндік беретін қолайлы жағдайлар жасайды. Білім беру ұйымдарында мәдени-бұқаралық патриоттық жұмыстарды жүргізеді. Оған сеніп тапсырылған білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы қамқорлық танытады. Каникул кезінде олардың демалысын ұйымдастырады. Балалармен және жасөспірімдермен озық жұмыс тәжірибелерін зерделейді және қолданады. Балалар ұйымдары мен бірлестіктерінің алғашқы ұжымдары басшыларын іріктеу және дайындау жұмыстарын жүргізеді.Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерін, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді. Әлеуметтік (түзету) білім беретін мекемелерде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дамуындағы ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған оқыту мен тәрбиелеу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

БЖЗҚ әрбір салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда. 

Қор қызметінің ашықтығы мен көрсететін қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелі қызмет көрсету бойынша «Мобильдік агент» жобасы іске қосылған.    

Бұл жобаның негізгі мақсаты - халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиімді сервистік қызмет көрсетуді жүзеге асыру. 

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бір себеппен, бірінші кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесіне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлері оған өздері келеді.   

«Мобильдік агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңірінде БЖЗҚ қызметкерлерінен көшпелі командалар құрылған. Қор қызметкерлері ақыл-кеңес беру үшін салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгізу және қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құжаттарды жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі жандармен қатар, режимдік және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдік агент» қызметін пайдалана алады. 

Одан басқа, көшпелі топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бірақ бұл үшін олардың саны жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудің электрондық тәсіліне барынша ауыстыру шараларын жүргізеді және ҚР зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстарын да жүргізеді.  

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

 «Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ер Төстік» бөбекжайы» МКҚК-нің директоры;

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту, тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2017 жылдың «26» сәуірі

 

Алматы, Қазақстан - БЖЗҚ-нда 2016 жылғы зейнетақы және өзіндік активтері бойынша қаржылық есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. Тәуелсіз аудиторлық компанияның қорытындысына сәйкес, зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептілік қолданыстағы барлық аспекттерде «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу мен ашып көрсету» қаржылық есептілік стандартына сәйкестікті расталған. Бұл зейнетақы актвитерінің сақталуын, олардың есебінің дұрыстығын, зейнетақы активтері инвестицияланған қаржылық құралдардың әділ құнын бағалау дұрыстығын дәлелдейді.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн теңге болса, оның 20,2%-ын (1,35 трлн теңге) инвестициялық табыс құрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, БЖЗҚ-нда шоғырланған зейнетақы активтері сомасының 2016 жылғы ҚР ЖІӨ сомасына қатынасы 15,1% құрайды.

2016 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында барлығы 399 мыңнан астам жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) ашылды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 354 813 бірлік, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен 37 778 бірлік және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен 6 473 бірлік. Осылайша, шарттардың барлық түрі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-тарының саны 10,04 млн бірлікті құраса, оның ішінде МЗЖ есебінен - 9,58 млн бірлік. Салымшылардың МКЗЖ бойынша ЖЗШ-тары саны 420 мың бірлікті құраса, ЕЗЖ бойынша олардың саны 39 мың бірлікті құрайды.

2016 жылы БЖЗҚ-нан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 169,69 млрд теңге болса, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны - 22,69 млрд теңге. Салыстыру үшін келтірер болсақ, 2015 жылы жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдарының сомасы 141,12 млрд тенге болса, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылғаны - 24,23 млрд тенге болған.

Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан өзекті мәселелерге жауап аласыздар.

 

1. Ұзақ уақыт бойы жалақы алмадым, демек аударымдарда жасалған жоқ. Осы уақыт аралығында инвестициялық табыс есептелген жоқ па? Қандай жағдайларда ол есептелмейді?

Инвестициялық табыс тұрақты түрде есептеледі. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді.

БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған және барлығы 720 мыңнан астам теңгені құрады. Егер де шот үнемі толтырылып тұрса, онда сандар көбейеді.

Есептелген  инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады, яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

«БЕКІТЕМІН»

     Бөкей ордасы     

  ауданының әкімі

___________Н.Рахымжанов

«10» мамыр 2017 ж

 

Бөкей ордасы ауданының әкімі Н.Рахымжановтың

аудан кәсіпкерлерін жеке қабылдау кестесі

№ р/с

Қабылдау күндері

Қабылдау орны

1

Әр айдың соңғы бейсенбі күндері, сағат  10:00-ден 12:00-ге дейін.

«Нұр Отан» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының ғимараты

 

Бүгін сіз инвестициялық қызмет, инвестициялық табыс және сіз бен біздің жинақтарымызды сақтау кепілі туралы БЖЗҚ-дан  өзекті мәселелерге жауап аласыздар.

 

1. Зейнетақы жинақтарын төлейтін кезде құнсыздану деңгейі ескеріледі ме, жинақтарды қорғайтын қандай да бір кепілдік бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқығын алған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде кепiлдiк бередi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 341 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидасында кепілдік таралатын тұлғалар тізімі белгіленген, олар:

1. зейнет жасына толған сәтте (63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер);

2. егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;

3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Айырмашылық төлеміне құқығы бар тұлға қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагерге Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте беріледі.

Төлем құқығын алған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі бүкіл кезең үшін табыстылық пен құнсыздану деңгейі жеке есептеледі. Егер инвестициялық табыс  құнсыздану деңгейінен асып түспесе, айырма мемлекеттік бюджеттен салымшының банк шотына есептелетін болады.

Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып сәйкесті өтініш толтыру қажет.