АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «28» ақпан

 

Алматы, Қазақстан – Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.

Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды және заманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы. Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.

Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kz сайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.  

Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатар маңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару.  Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.  

Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «__» наурыз

 

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  

2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады. 

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.  

Бүгінде салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты (оның ішінде есептелген инвестициялық табысты) Қор кеңсесінде, сондай-ақ дәстүрлі пошта байланысы, электрондық пошта, Қор сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.  

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «28» ақпан

 

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,10 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,62 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 444 мың бірлікті, ал ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу (ЕЗЖ) бойынша - 39 мың бірлікті құрады.

2018 жылдың қаңтар айында зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 65,3 млрд теңге болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 4,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 7 пайызды құрады.

Зейнетақы жүйесінде болғанына 16 жылдан асқан, зейнеталды жасындағы ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы шамамен 2,6 млн теңгені, ал әйелдерде – шамамен 2 млн теңгені құрады. Зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аударатын (жылына 9 реттен кем емес), зейнеталды жасындағы ер азаматтардың жинақтарының сомасы 3,3 млн теңгеге жуық болса, әйелдерде шамамен 2,3 млн теңгені құрады.

2018 жылдың 1 ақпанына қарай БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 9,8 млрд теңге болды. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,13 пайызды құрады.

  1. Мен екі айдан кейін зейнеткерлікке шығамын. Биыл зейнетақы заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы естідім. Осы туралы толығырақ білгім келеді. Мен зейнетақыны қалай аламын?

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.

БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.  

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол - 0,10467 санын құрайды). Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады. 

Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, 2018 жылдың 27 наурызынан бастап «Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» 2018 жылдың 14 наурыздағы №122 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізіледі (2018 жылдың 16 наурыздағы № 52 (29283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған), сондай - ақ  арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2018 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 900 теңге мөлшерінде белгіленгенін хабарлайды.

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

Есепші (уақытша бала күтіміне байланысты демалыстағы қызметкер орны) – 1 бірлік.

Лауазымдық міндеттері: белгіленген уақытта мектептерден жұмысқа араласу табельдерін қабылдау. Белгіленген мерзімінде қызметкерлердің еңбек ақысын, зейнет ақы қорының жарнасын , әлеуметтік қорының төлемдерінің есептеп аудару. Бөлінген мектептер бойынша жұмыс жасайтын әр қызметкерге еңбек ақысын есептеу үшін арнайы анықтама-карточкасын жүргізу.Зейнет ақы қорының жарнасын және  әлеуметтік аударылымдардың есебін жүргізетін журнал жүргізу. Еңбек ақы туралы анықтама беру. Мектептерінің еңбек ақыларын есептеу.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілері және мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және есептілік жасау жөніндегі заңнамалық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басқарушылық, әдістемелік материалдар, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысандарын және әдістері, шоттар жоспарын және байланыстырылуы, бухгалтерлік есеп учаскелері бойынша құжат айналымын ұйымдастыру, негізгі құрал-жабдықтардың, тауар-материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды құжатпен ресімдеу және бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету тәртібі, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық талдау әдістері, есептеу техникасын пайдалану ережесі, экономика, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру, шаруашылық жүргізудің нарықтық әдістері, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртіп ережесі, өндірістік санитария ережелері, өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Алматы, Қазақстан – 2018 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,88 трлн теңгені құрады. Сөйтіп, жыл басынан бері 101,3 млн теңгеге артты. Яғни, өсім 1,3 пайызды құрады.  

2018 жылдың 1 наурызына қарай шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,1 млн бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,61 млн бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 447 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылдың екі айы ішінде зейнетақы жарналары бойынша түсімдердің жалпы сомасы 134,5 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,83 млрд теңгеге артық.  

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы жыл басынан бері 29,4 млрд теңге болды. Сөйтіп, 2018 жылдың өткен айымен салыстырғанда 19,5 млрд теңгеге артты, яғни өсім 66 пайызды құрады. Қордың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2017 жылдың ақпаны мен 2018 жылдың ақпаны аралығында 8,3 пайызды құрады. Ал бұл кезеңде инфляция деңгейі 6,5 пайыз болды.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 62,75 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,58 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңінде Қордан 61,54 млрд теңге төленсе, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 3,98 млрд теңгені құраған.