«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

 Медбике -0,5 бірлік.

Лауазымдық міндеттері. Алғашқы, дәрігерге дейінгі, паллиативтік көмек көрсетеді. Аспаптарды, таңу құралдарын және оқушыларды күту заттарын стерильдеуді жүзеге асырады. Науқастарды күтуге арналған іс-шаралардың барлық кешенін, дәрілік заттарды организмге енгізуді жүзеге асырады. Медициналық есепке алу-есеп беру құжаттамаларын жүргізеді. Науқастардың, үй-жайдың тазалығын қамтамасыз етеді. Науқастарды күту заттарын дұрыс пайдалану мен сақтауды бақылайды. Медициналық этиканы, ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларын сақтайды.

Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексін, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын, денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары медициналық білімі немесе бейіні бойынша жоғары білімі, тиісті мамандығы бойынша арнаулы орта.

Қосымша талап: бұрын сотталмаған болуы.                                                                     

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

-конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

-лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайларға тапсырылуы тиіс:

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, М.Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін  мектебінің қабылдау бөлмесі. Тел.: 87114021145.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«23» қаңтар 2017 жыл

2017 жылғы 1 қаңтардағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау

«БЖЗҚ» АҚ 2016 жыл үшін салымшыларға (алушыларға) жыл сайынғы міндетті хабарлау науқанына дайындықты бастады. Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат ақысыз негізде берілетінін, ал ақпарат алу тәсілін салымшының (алушының) өзі белгілейтінін естеріңізге сала кетейік.   

2,6 миллионға жуық адам интернет байланысы (сайт арқылы немесе ENPF ұялы қосымша) арқылы өткен жылға үзінді көшірме ала алады. 2 миллионға жуық салымшы (алушы) пошта байланысы арқылы, оның ішінде 206 349 адам электрондық мекенжайына  үзінді көшірме алады. Сонымен қатар әрбір салымшының (алушының) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға өзі барып, өтініш жасай отырып алуына болады.

Үзінді көшірмелер ЖЗШ ашу туралы өтініште, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде салымшы (алушы) көрсеткен мекенжайларға, оның ішінде электрондық мекенжайларға жіберілетінін айта кетейік.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі Бисен ауылы, Т.Масин көшесі №4 мекен-жайы бойынша орналасқан Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Салтанат» ясли-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның (бұдан әрі - МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогика және психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғауды, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

Бөкей ордасы ауданының  ауыл шаруашылығы бөлімі ММ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау бұйрығын  жүзеге асыру мақсатында бюджеттік бағдарламаларға  қатысуға ниет білдіруші ауыл шаруашылық құрылымдарынан    2017 жылға өтінімдер қабылдайды.

Мекеменің орналасқан мекен-жайы: Сайқын ауылы, Т.Жароков к, № 31 үй. 1-қабат. Қабылдау мерзімі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 8.30-12.30 және 14.30-18.30 аралығы. Қосымша мәліметті 8(71140)21-2-80 телефоны арқылы   алуға   болады.

Қағида (pdf, 1.8 Mb)

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі» ММ төмендегі азаматтық  қызметшінің бос лауазымын иеленуге ашық конкурс жариялайды:

әдістемелік кабинеті әдіскері - 1 бірлік.

Біліктіліктілігне қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, тиісті бейіні бойынша бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы тиіс.

Қосымша талап: бұрын сотталмаған болуы.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:

-конкурстық комиссия төрағасы атына қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;

-жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-толтырылған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ (нақты тұратын мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

-лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

-еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

-алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат.

Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т.Жароков көшесі, №27 үй, Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің қабылдау бөлмесі. Тел.: 87114040012, эл. мекен-жай: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..