Нормативтық-құқықтық актілер

Жоба

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

Сайқын ауылы                                    №                              «   » сәуір 2016 жыл

 

Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы

елді мекендерінде тұратын балаларды

жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың

схемалары  мен қағидаларын бекіту туралы

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" №349бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қоса беріліп отырған:

1) Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 1234 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

2) Бөкей ордасы  ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидаларыбекітілсін.

2. " Бөкей ордасы ауданының білім бөлімі" және " Бөкей ордасы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемелер және ауылдық округтері әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

3. " Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымшалар

 

Аудан әкімі                                              Н.Рахымжанов

 

 

Бөкей ордасы ауданының әкімдігінің

«Бөкей ордасы ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Түсіндірме жазбада көрініс табуы қажет мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші-мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші-мемлекеттік орган

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" № 349 бұйрығы

3.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

Шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен қағидаларын бекіту

 

4.

Жобаны қабылдаған жағдайда болатын болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптары

Жобаны қабылдау жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптарына әкеліп соқтырмайды

5.

Жобаны іске асырумен байланысты ұсынылатын қаржылық шығындары

Мәлімет жоқ

6.

Аталған мәселе бойынша бұрын қабылданған шешімдер туралы мәліметтері

Мәлімет жоқ

7.

Өзге де актілерді жобаға сәйкестендіру қажеттілігі

Мәлімет жоқ

8.

Өзге де мәліметтер

Мәлімет жоқ

 

 

Бөкей ордасы ауданының білім

беру бөлімінің басшысы                                     Е.Иманбаев

 


Жоба

 Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

Сайқын ауылы                      №                        «   » сәуір 2016 жыл

                 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

қоғамдық  жұмыстарды  ұйымдастыру

және қаржыландыру туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын басшылыққа алып, еңбек нарығындағы жағдайды және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жақсарту мақсатында, аудан мекемелерi мен ұйымдарынан түскен өтiнiмдердi ескерiп,  аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1. Бөкей ордасы ауданында қоғамдық жұмыстар жұмыссыздарға әдейi арналған уақытша жұмыс орындарын ашу жолымен ұйымдастырылсын.

 

2. Қоса беріліп отырған Бөкей ордасы ауданындағы қоғамдық жұмыстарды жүргiзетiн ұйымдардың тiзбелерi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландандыру көздерi бекiтiлсiн және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалсын.

 

3. «Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.

 

4. Аудан әкімдігінің «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы №73 қаулысының (Нормативтік  құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3287 тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырда «Орда жұлдызы» газетінің № 20 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсін.

 

6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. 

 

Қосымша

                        

Аудан әкімі                                             Н.Рахымжанов

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы»қаулысының жобасына түсіндірме жазба 

«Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттiк мекемесiмен Бөкей ордасы аудандық әкімдігіне ұсынылатын «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының жобасы дайындалды.

 

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Бөкей ордасы ауданындағы қоғамдық жұмыстарды жүргiзетiн ұйымдардың тiзбелерiн, қоғамдық жұмыстардың түрлерiн, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерiн және оларды қаржыландандыру көздерiн бекiту және қоғамдық жұмыстарға сұраныстар пен ұсыныстарды айқындау мақсатында әзірленген.

 

Келісуге ұсынылып отырған қаулының жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады.       

 

Жоғарыда  көрсетілгендер негізінде, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 15-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Бөкей ордасы ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысының жобасы Бөкей ордасы ауданының қоғамдық Кеңесінде талқылау және қорытынды хаттама алу үшін осы түсіндірме жазба ұсынылады.

 

 

Бөкей ордасы  ауданының  халықты

жұмыспен қамту орталығының

директоры                                                       Б.Қарағойшин

 


Жоба

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

Сайқын ауылы                          №                       «   » сәуір 2016 жыл

 

Қылмыстық-атқару инспекциясы

пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас

бостандығынан айыру орындарынан

босатылған адамдар үшін және

интернаттық ұйымдарды бітіруші

кәмелетке толмағандар үшін жұмыс

орындарына квота белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

 

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.

 

2. «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

 

3. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы №23 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік  құқықтық  актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3182 тіркелген, 2013 жылғы 
2 наурызда «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

 

4. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

 

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсiн.

 

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

  

Аудан әкімі                                                                    Н.Рахымжанов

  

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы»  қаулысының жобасына түсіндірме жазба

«Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен Бөкей ордасы аудандық әкімдігіне ұсынылатын «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы дайындалды.

 

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгiлеу мақсатында әзірленген.

 

Келісуге ұсынылып отырған қаулының жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады.       

 

Жоғарыда  көрсетілгендер негізінде, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 15-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы Бөкей ордасы ауданының қоғамдық Кеңесінде талқылау және қорытынды хаттама алу үшін осы түсіндірме жазба ұсынылады.

 

Бөкей ордасы  аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                                           Ж.Еркегалиев

 


Жоба

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

 Сайқын ауылы                            №                         «   » сәуір 2016 жыл

   

Мүгедектер үшiн жұмыс

орындарына квота белгiлеу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуiрдегi, Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып аудан әкiмдiгi
 ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

 

1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдарда, орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2.«Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жолдауды қамтамасыз етсін.

 

3. «Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

 

4. Аудан әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» 2013 жылғы 20 қыркүйектегі №184 қаулысының (Нормативтік  құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3348 тіркелген, 2013 жылғы 02 қарашадағы «Орда жұлдызы» газетінің №44 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

 

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Қайырғалиеваға жүктелсiн.

 

6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                          Н.Рахымжанов

 

2016 жылғы  № ____

 

аудан әкiмдiгiнiң қаулысына

 

қосымша

  

Бөкей ордасы ауданы бойынша мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар тізімі

1.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «А.Құсайынов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

2.Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының

 

«Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;

 

3.Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының«Бөкей ордасы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;

 

4.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ер Төстік» ясли-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

 

5.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Б.Жәнекешев  атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

6.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Жәңгір хан атындағы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

7. Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Қ.Сағырбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

8.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

9.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін  мектебі» коммуналдық мемлекетті мекеме;

 

10.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «М.Бегалиева атындағы  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме;

 

11.Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ш.Жексенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекеме.

  

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

«Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен Бөкей ордасы аудандық әкімдігіне ұсынылатын «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы дайындалды.

 

 Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы», 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына сәйкес ұйымдарда, орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу мақсатында әзірленген.

 

 Келісуге ұсынылып отырған қаулының жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады.       

 

Жоғарыда  көрсетілгендер негізінде, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 15-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының жобасы Бөкей ордасы ауданының қоғамдық Кеңесінде талқылау және қорытынды хаттама алу үшін осы түсіндірме жазба ұсынылады.

 

Бөкей ордасы  аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                                           Ж.Еркегалиев

 


Жоба

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

  

Сайқын ауылы                                    №                                  «   » сәуір 2016 жыл

 

2016 жылға нысаналы топтарына

жататын адамдардың қосымша

тiзбесiн белгiлеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.  2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымшаға осы қаулының қосымша сәйкес тiзбесi белгiленсiн.

2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамалары сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л.Т.Кайырғалиеваға жүктелсiн.

6.  Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Аудан әкімі                                            Н.Рахымжанов

 

 

                                                                                   2016 жылғы  № ___

аудан әкiмдiгiнiң қаулысына

           қосымша

 

2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша   тiзбесi

1. Уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіптік даярлаудан өткен адамдар;

2. Жас отбасында бір де бір жұмыс істемейтін адамдар;

3. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға үш жыл қалған);

4. Елу жастан асқан адамдар;

5. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер (бір жыл және одан да көп);

6. Уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздар.

 

 

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «2016 жылға нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

«Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттiк мекемесiмен Бөкей ордасы аудандық әкімдігіне ұсынылатын «2016 жылға нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысының жобасы дайындалды.

 

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына сәйкес 2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың тiзбесiн белгiлеу мақсатында әзірленген.

 

Келісуге ұсынылып отырған қаулының жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер қатарына жатады.

 

Жоғарыда  көрсетілгендер негізінде, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 15-1 бабына және Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 1 бабының 8 тармағына сәйкес Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің «2016 жылға нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысының жобасы Бөкей ордасы ауданының қоғамдық Кеңесінде талқылау және қорытынды хаттама алу үшін осы түсіндірме жазба ұсынылады.

 

Бөкей ордасы  аудандық жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                              Ж.Еркегалиев


Жоба

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің

ҚАУЛЫСЫ

 

Сайқын ауылы                       №                      «   » сәуір 2016 жыл

 

Бөкей ордасы  ауданы бойынша

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,

жан басына шаққандағы қаржыландыру

және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін

бекіту туралы

  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңының 6 - бабының 4 - тармағының 8-1 тармақшасын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1.Бөкей ордасы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

 

2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.

 

3.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялау күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                    Н.Рахымжанов

  

Бөкей ордасы  ауданы әкімдігінің

2016 жылғы « ____ »___________

№    қаулысына №1 қосымша

  

Бөкей ордасы  ауданының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандығы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Атауы

Ата -ананың айына ақы төлеу  мөлшері, теңге

 

1

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ер Төстік» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

5000

2

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Ақбота» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4500

3

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Салтанат» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4500

4

«Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің «Балдәурен» ясли-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

4000

5

«Ш.Жексенбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі

4000

6

«Қ.Сағырбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі

4000

7

«А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп-балабақшасы» мемлекеттік мекемесі

4000

 

 

Бөкей ордасы ауданының әкімдігінің «Бөкей ордасы  ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Түсіндірме жазбада көрініс табуы қажет мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші-мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші-мемлекеттік орган

Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ «Білім туралы» Заңдары

3.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары және мерзімдері

Бөкей ордасы ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата - ананың ақы төлеу мөлшерін қосымшаға сәйкес бекіту

4.

Жобаны қабылдаған жағдайда болатын болжамды әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптары

Жобаны қабылдау жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық зардаптарына әкеліп соқтырмайды

5.

Жобаны іске асырумен байланысты ұсынылатын қаржылық шығындары

Мәлімет жоқ

6.

Аталған мәселе бойынша бұрын қабылданған шешімдер туралы мәліметтері

Мәлімет жоқ

7.

Өзге де актілерді жобаға сәйкестендіру қажеттілігі

Мәлімет жоқ

8.

Өзге де мәліметтер

Мәлімет жоқ


 

Бөкей ордасы ауданының білім

беру бөлімінің басшысы                                        Е.Иманбаев

 


ЖОБА

 

Жиналыстар, митингілер, шерулер,

пикеттер мен демонстрациялар өткізу

тәртібін қосымша реттеу туралы

 
 

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ұсынылып отырған жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, мен демонстрациялар өткізу тәртібі бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жаряиланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат хатшысы                           Е. Таңатов

 

 

2016 жылғы «__»_______ №____

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының

шешімімен бекітілген

 

Бөкей ордасы ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізудің қосымша тәртібі

 

1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы Бөкей ордасы ауданы әкімдігіне өтініш беріледі.

2. Жиналыс митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымдарының, қоғамдық бірлестіктердің немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегіз жасқа толған уәкілдері береді.

3. Жиналыс митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтініш, оны өткізу белгіленген мерзімінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі. Өтініште шараны өткізу мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген күні көрсетіледі. Өтініштің берілген мерзімі Бөкей ордасы ауданы әкімдігінде тіркелген күнінен бастап есептелінеді.

4. Ауданның жергілікті атқарушы органы өтінішті қарайды және қабылданған шешім туралы уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан кемінде бес күн бұрын хабарлайды.

5. Егер жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізу туралы өтініште осы Қосымша реттеу тәртібінің 3-ші тармағындағы талаптары сақталмаған жағдайда, ауданның жергілікті атқарушы органымен жіберілген кемшіліктерді жаңадан өтініш беру арқылы түзетуге болатындығын ұсына отырып ресми жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі, оның келіп түскен уақытынан бастап есептелінеді.

6. Ауданның жергілікті атқарушы органы басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ транспорттың, инфрақұрылымдық нысандардың қалыпты жұмыс істеуін, жас көшеттер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда өтінішмен жүгінгендерге шараны өткізуге өзге орын мен уақытты ұсынады.

7. Митингтер мен жиналыстарды өткізу орны 1-ші қосымшаға сәйкес анықталды.

1 қосымшада төмендегілер көрсетіледі:

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы.

8. Шеру және демонстрация өткізетін орындардың маршруттарын 2-қосымшаға сәйкес анықтайды.

2 қосымшада Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы.

а) Т. Жароков көшесі, Қазақстан көшелері бойымен.

9. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация, сондай-ақ қатысушылардың сөйлейтін сөзі өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгілі уақытта, келісілген орында жүргізіледі.

10. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар өткізу кезінде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

11.Шараны ұйымдастырушыларға және қатысушыларға жол берілмейді:

1) көліктің және жаяу жүргіншілердің қозғалысына бөгет жасауға;

2) елді мекендегі инфрақұрылым обьектілерінің үздіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруге;

3) ауданның жергілікті атқарушы органның келісімінсіз киіз үйлер, шатырлар өзге де уақытша құрылымдарды тұрғызуға;

4) шараны өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне кез келген нысанда араласуға;

5) жас көшеттер мен шағын сәулет нысандарына залал келтіруге;

6) заңды тұлғалардың жеке меншігіне және азаматтарға материалдық шығын келтіретін, адамдардың денсаулығы мен өміріне қарсы қолданылатын, сондай - ақ басқа да арнайы дайындалған немесе бейімделген заттар, суық, ату және басқа да қарулардың болуына;

7) іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар қызметіне қандайда болмасын нысанда араласуға;

8) алкогольдік ішімдік ішкен және есірткі қабылдаған жағдайда болуға.

12. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрациялар өткізу орындарында:

1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттарды қолдануға, психотропты заттарды, соған ұқсас заттарды және прекурсорларды пайдалануға;

2) транспаранттар, ұрандар мен өзге де (визуалды, дыбыстық/бейне) материалдарды пайдалануға, сондай-ақ көпшілік алдында қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыратын, қылмысқа итермелейтін сөз сөйлеу, үндеулер, басқа біреуге бағытталған балағат сөздерді айтуға тыйым салынады.

13. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсаттарға сәйкес, белгіленген уақыт аралығында және келісілген орында өткізілуі тиіс.

14. Пикетке қатынасушылардың қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында:

1) әртүрлі жеклеген пикеттердің қатысушылары бір-бірінен 50 метр қашықтықта тұруы керек және тікелей көрінетін шекарада болуы тиіс.

2) жергілікті атқарушы органдар бір уақытта, бір күнде және бір орында кемінде 3 жекелеген пикет өткізуге рұқсат етуі мүмкін.

15. Пикетке шығу барысында:

1) пикет өтетін орында отыруға және тұруға;

2) көрнекі үгіт-насихат құралдарын қолдануға;

3) пикет тақырыбына сәйкес ұрандар мен қысқа үндеулерді айқайлап айтуға рұқсат етіледі.

16. Пикеттің басқа митинг/жиналыс/шеру формадағы жалғасуына, басқа форматта өзгеруіне ауданың жергілікті атқарушы органынан белгіленген рұқсатын алу керек.

17. Егер жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге ауданның жергілікті атқарушы органы рұқсат бермеген жағдайда немесе оның өтуіне тыйым салған шешім қабылдаған кезде, уәкілдер (ұйымдастырушылар) жедел түрде барлық дайындық іс-шаралар жұмыстарын тоқтатып, әлеуетті қатысушыларға осы туралы хабарландыру тиіс.

18. Ауданның жергілікті атқарушы органы жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткізудің мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімсіздікті, тектік астамшылықты қоздыру, Конституцияның құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу болса немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, ауданның жергілікті атқарушы органы оларды өткізуге тыйым салады.

19. Көпшілік шараларды темір жол, су және әуе көлігінің обьектілерінде, сондай-ақ мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қоғамдық көлік, ауыз сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерімен жабдықтау) және денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

20. Егер өтініш берілмеген жағдайда, тоқтату жөніндегі шешім қабылданғанда, өткізу тәртібі бұзылған болса, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген және қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, ауданның жергілікті атқарушы органның нұсқауы бойынша жедел түрде тоқтатылуы тиіс.

21. Ауданның жергілікті атқарушы орган өкілінің заңды талабын орындаудан бас тартқан жағдайда, оның нұсқауы бойынша ішкі істер органдарымен жиналысты, митингіні, шеруді, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөніндегі қажетті шаралар қолданады.

22. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды  өткізудің немесе ұйымдастырудың тәртібін бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

23. Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттерді және демонстрацияларды өткізу кезінде келтірілген материалдық залалы үшін оларға қатысушы азаматтар, қоғамдық бірлестіктер мемлекетке заңда белгіленген тәртіп бойынша өтем жасауы тиіс.

 

24. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткізілетінжерде туындаған барлық қосымша шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртіпті сақтауға, үй-жайларды беруге, санитарлық тазартуға, жарық беру және радиоландыруға байланысты шығындарды олардың ұйымдастырушылары өтейді.