ЖОБА

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

2. Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспары (rar, 293 Kb)

 

Сессия төрайымы                                                     А. Түсіпқалиева

 

Мәслихат хатшысы                                                  Е.Танатов

ЖОБА

Бөкей ордасы аудандық мәслихатының шешімі

 

___________                                  №__                 2017 жылғы «__» _________

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

2017-2018 жылдарға

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарды бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Зеленов ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
  2. Бөкей ордасы аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қосымша (rar, 147 Kb)

 

Сессия төрағасы                                                       __________

 

Аудандық

мәслихат хатшысы                                                   __________

   ЖОБА

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға

және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы

 

      Аудандық
мәслихат хатшысы

Е.Танатов

Жоба

 

Cот шешімімен коммуналдық меншікке

түскен болып танылған иесіз қалдықтарды

басқару қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларыбекітілсін.
  2. Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы

АТӘ

      Аудандық мәслихат хатшысы

Е.Танатов

ЖОБА

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

коммуналдық қалдықтардың түзілу

және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 98 "Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3914 тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

 

Аудандық
мәслихат хатшысы

Е. Танатов