Жоба

 

Cот шешімімен коммуналдық меншікке

түскен болып танылған иесіз қалдықтарды

басқару қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларыбекітілсін.
  2. Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы

АТӘ

      Аудандық мәслихат хатшысы

Е.Танатов

 

Бөкей ордасы аудандық

мәслихатының 2017

жылғы _________________

№ ___   шешімімен бекітілген

 

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

 

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің20-1 бабының5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
  3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
  4. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің коммуналдық шаруашылық салаға жетекшілік ететін орынбасары, қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшесінің өкілдері, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.

Комиссияның жұмысшы органы Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып (бұдан әрі – бөлім) табылады.

Комиссия осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.

  1. Иесіз қалдықтарды басқаруды бөлім жүзеге асырады.
  2. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

 

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

 

1-параграф. Қалдықтарды есепке алу және бағалау

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;

2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;

3)Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4775 тіркелген) Қалдықтар сыныптауышының негізінде, Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4720 тіркелген) нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді. 

Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін уәкілетті органға қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

  1. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда, халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.
  2. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.

 

2-параграф. Қалдықтарды одан әрі пайдалану және сату тәртібі

 

  1. Қалдықтарды бөлім заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.
  2. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің бөлімдерінің, Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.
  3. Конкурстың шарттарын бөлім анықтайды.
  4. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.

Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

1) қалдық туралы тарихы анықтама;

2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;

3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;

4) қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат.

  1. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландыру ауданның жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырылады.

  1. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:

1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;

2) өткізу уақыты мен орны;

3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;

4) конкурстың негізгі шарттары;

5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы; 

6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.     

  1. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.
  2. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың2-қосымшасынасәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.

Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

  1. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөліміне жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады. 
  2. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

  1. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:

1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;

2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;

3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 тіркелген) нысан бойынша салық, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.

  1. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.
  2. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны бөлім конверттерді ашу рәсіміне бір күнге дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөліміге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.
  3. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:

1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;

4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);

5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды)

6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).

  1. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.
  2. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.
  3. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.
  4. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конвертті ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.

Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.

  1. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.

  1. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:

1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі);

2) Ең үлкен баға.

  1. Конкурстың нәтижелері сол конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған баспа басылымдарында жарияланады, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында шұғыл түрде орналастырылады.
  2. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
  3. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және жергілікті атқарушы органға тиімді шарттар негізінде ұйым үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.
  4. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.
  5. Конкурс жеңімпазымен шарттары ауданның жергілікті атқарушы органымен келісілетін қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады. Келісімшарты қалдықтармен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын сақтау және жалпы жұмыс жүргізу бойынша, сондай-ақ конкурс жеңімпазының ұйым бекіткен үлгісімен орындаған жұмыстары туралы есеп беруі бойынша міндеттемелерді қарастырады.

     Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

  1. Конкурс екі рет өткізілген жоқ деп танылған жағдайда бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарға ақысыз негізде конкурс жариялайды және өткізеді.
  2. Қалдықтарды сатудан тапқан ұйымның қаражаты жергілікті бюджет кірісіне жіберіледі.

 

3-параграф. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою

  1. Қалдықтарды ақысыз негізде іске асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.
    Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.
  2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарды қайта қалпына келтіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарыға сәйкес жүргізіледі.

 

  1. Қорытынды ережелер
  1. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

 

 Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларына 1-қосымша
Нысан

                              

Иесіз қалдықтарды коммуналдық

меншiкке беру туралы акті

 

20__жылғы «___»__________________
                    (жасалған уақыты)

________________________
       (акт жасалған орын)

Комиссия құрамында:

 

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
20____ жылғы "____" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде
коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады:

 

Қалдық түрi

Саны
(тонна, м3, га ауданы)

Қалдықтың коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме

 

 

 

 

 

 

Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):

 

Мөрдің орны

 

 Сот шешімімен коммуналдық 
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларына 2-қосымша
Нысан

 

Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

1.___________________________________________________________________
өтініш берушінің атауы
2.___________________________________________________________________
 өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының
                            мекенжайы
3.___________________________________________________________________
 мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке
                            тұлғалар үшін)

4.___________________________________________________________________
   басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын
                      тұлғалар туралы мәлімет

 

5.___________________________________________________________________

Жергілікті атқарушы органмен анықталған конкурс шарттарын орындауға
бағытталған орындалуға тиісті құжатпен расталған өтініш берушінің
техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
мүмкіндіктері туралы шандырылған құжаттар (салықтық берешектiң жоқ
екендiгi туралы анықтама, қаржылық мүмкіндігін растайтын
банктен анықтама) қоса беріледі.

 

__________________________                                                        ________
(ұйымның атауы)                                                                    (қолы)
                                                                                                            (Т.А.Ә.)