ЖОБА

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға

және әкетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

 

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімінің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері бекітілсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы

 

      Аудандық
мәслихат хатшысы

Е.Танатов

 Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының 2017 жылғы
қазандағыдағы № шешіміне
қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға және әкетуге арналған тарифтері

п/п

Объект

Есеп айырысу бірлігі

Өлшем бірлігі

Баға теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Тұрғындарға арналған тариф

тұрғын/айына

1 м³

155,83

2.

Өзге де тұтынушыларға қызмет

айына

1 м³

2783,82

Аббревиатураның ажыратып жазылуы:
м³ - текше метр;
ҚҚС - қосылған құн салығы.