ЖОБА

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

2018-2019 жылдарға арналған

жайылымдарды басқару және

оларды пайдалану жөніндегі

жоспарын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

2. Бөкей ордасы аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (А.Хайруллин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жәнеоларды пайдалану жөніндегі жоспары (rar, 293 Kb)

 

Сессия төрайымы                                                     А. Түсіпқалиева

 

Мәслихат хатшысы                                                  Е.Танатов