Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың,жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Сіздерге көлік құралдары салығының берешектерін төлеу қажеттігін хабарлайды.

Салықтарды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда әрбір күн үшін өсімпұл есептеліп, әкімшілік айыппұлдар салынады. Сонымен қатар сот шешімімен берешек тұлғалардың мүліктері тәркіленіп, Қазақстан Республикасының аумағынан шығуына шектеу қойылады.

Салық берешектері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан тексеріуге болады.

Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оңайлатылған декларация және бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының,  міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын төлеу мерзімі өзгергенін хабарлайды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес аталған төлемдер ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төленуі тиіс.