Салық органдарының алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі - Еліміздің даму болашағына айтарлықтай қауіп келтіретін сыбайлас жемқорлық сықылды қоғамның дертіне қарсы күрес. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында жақын ауқытта Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің еңбек және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларының және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің сақталуына бақылау жүргізу мақсатында аудан бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасы ғимаратының бөлмелерінде бейнекамералар орнатылуы күтілуде. Ал күні бүгін тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстары үшін журнал қойылып, жәшіктер орнатылған. Ақпараттар тақтасында  қызметшілерінің өз лауазымдық өкілеттігін асыра қолданғаны немесе салық төлеушілердің заңға қайшы әрекеттеріне шағымдану үшін сенім телефоны жұмыс жасайды. Соның ішінде сыпайылылық қағидатына негізделген, салық төлеушілердің өтініштеріне уақытылы жауап дайындау, салық төлеушілерге жан-жақты, толық және дұрыс ақпаратты беру -  аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін дәлелдейтін, жүгінушілерді қанағаттанарлық ойда қалдыратын мақсатты көрсеткіш болып есептеледі. Басқарма қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қатаң сақталады. Бұны бақылауының бірі, салық төлеушілердің өтініштері ақпараттық жүйеге енгізіліп, орындау мерзімі автоматты түрде бақылауға алынады, тоқсан сайын орындау мерзімі бұзылған құжаттар бойынша ақпараттық жүйеде есеп құрылып, кемшілікке жол берген қызметшілерге тәртіптік шаралар алынады. Осындай қолға алынған шаралар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу факторларының бірі деп есептейміз.  

Бүгінгі таңда  Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында  салық төлеушілерге салық есептілігін электронды түрде тапсыруға арналған екі терминал бар. Олар электронды түрде есептілік тапсыратын салық төлеушілерге ыңғайлы әрі уақыт үнемдейді және салық төлеушінің қалауы болмай салық органының қызметшісімен тікелей байланыстырмайды.

Салық органдарымен сыбайлас жемқорлық сияқты мемлекетке қауіпті құбылыспен күрес өз нәтижесін көрсетуде. Оны ақпарат құралдарынан көріп біліп отырмыз, дегенмен де оның жолын толықтай кесу үшін салық төлеушілермен бірлесе жұмыстануымыз қажет. Сонда ғана еліміздің өркендеуіне үлес қостық деп айта аламыз.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының                    

«Салық төлеушілермн  жұмыс

және өндіру» бөлімінің басшысы.                                        М.Қ.Танатов