Бөкей ордасы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап оңайлатылған декларация және бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының,  міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдарын төлеу мерзімі өзгергенін хабарлайды.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес аталған төлемдер ай сайын, төлем жүргізілген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей төленуі тиіс.