Құрметті салық төлеушілер - жеке тұлғалар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, Сізге міндетті түрде мүлік салығы мен жер салығын салық салу нысанының орналасқан жері бойынша төлеу қажет. Жергілікті салықтың хабараламасы мен толтырылған түбіртекті Сіз орналасқан ауылдық округ әкімшілігінен алуға болады.

ҚР ҚМ МКД 12.06.2015 жылғы №МКД-08-1/11699-И хатын басшылыққа ала отырып, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап 89 бюджеттік сыныптама кодтары (БСК) болатындығын хабарлайды.

Бірыңғай бюджеттік классификациялардың өзгеруіне байланысты, яғни, БСК-нің қысқаруы акциз бойынша (80 БСК-дан 68 БСК-ға), мемлекеттік түсім (24 БСН-дан 21 БСК-ға), тіркеу алымдары (19 БСК-дан 8 БСК-ға), жер салығы (8 БСК-дан 6 БСК-ға), корпоративтік табыс салығы (7 БСК-дан 5 БСК-ға) қысқаратындығын хабарлайды.

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 599 және 606 баптарына сәйкес, салық төлеушілердің артық төленген сомаларын салық органына берген өтініші бойынша басқа салық нысандарына аударуға болатынын хабарлайды.

Мына телефон нөмірлеріне 21161; 21233 және 21686 хабарласуыңызға немесе Сайқын ауылы, Ы.Бергалиева көшесі 1 үйге жолығуыңызға болады.

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, салық төлеушілердің назарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ салық міндеттемесін орындауға байланысты түсіндіру жұмыстары, кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғаларға Бірыңғай кеңес беру күні әр аптаның бейсенбі күні Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының №3 кабинетінде өткізілетінін хабарлайды.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы

Қырғызстан Республикасының 12.08.2015ж. Еуразиялық экономикалық одағының толық мүшесі болуына байланысты, Қазақстан Республикасы аумағына Қырғыз Республикасынан тауарларды импорттаған кезде, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясын, қағаз және электрондық түрде немесе электрондық түрде, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызына дейін кешіктірмей тапсыруы міндетті. 

Жанама салықтар Декларациясымен бірге, салық төлеуші Салық кодексінің 276-20 бабында көрсетілген құжаттар тізбесін салық органдарына тапсырады.

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызынан кешіктірмей (БКК 105115) төлеуге міндетті. 
ЕурАзЭО мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтардың есептелу және төленуінің салық кезеңі, импортталған тауарлардың есепке қойылғанынан бастап, айлық күнтізбе болып табылады.

 

Барлық туындаған сауалдарыңыз бойынша, Мемелекеттік кірістер басқармаларына орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша байланысуға болады.

Елбасымыз Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер.», деп айтқанда, менің түсінігім бойынша Президентіміз, соның ішінде тек қана халықаралық бірлік пен этносаралық келісім емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар да өзінің адал қызметімен қазақстандықтар арасындағы Үкіметке деген сенімді нығайтуды тапсырып отыр.

Мемлекеттік кірістер органдары да осы бағыттағы жұмыстан қалыс қалмайды. Қазіргі таңда қызметшілер арасында сыбайластықтың алдын алу, оның көріністерін болдырмау, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен текетірестікке жол бермеу және қызметтік этиканы қатаң сақтау арқылы тұрғындар арасында мемлекеттік кірістер органының беделін түсірмеу және сенімділікті жоймау, салықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының өзгерістерін кеңінен насихаттау, салықтық қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзбай орындау мақсатында іс-шаралар жоспарын бекітіп орындауда.

Өз Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  «тұрақтылық, келісім, бейбітшілік» ұғымдарына айқын түсінік берді. Ол : «Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.» деп, бұл сұрақтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жалпыәлемдік дағдарыс кезеңінде біз салық қызметін тұтынушыларға еліміздің тұрақтылығы мен ертеңіне сенімін өз жұмысымызбен дәлелдеуіміз қажет деп есептеймін. Осы бағытта ағымдағы жылдың 1 қазаны жағдайына аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметшілерінің тарапынан қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын бұзу фактілеріне жол бермей келді. Салық қызметін тұтынушыларға салық саласындағы көрсетілетін қызметтер жөнінде жан-жақты ақпаратқа қолжетімділігін қамту мақсатында 2 қосымша ақпараттар орнатылған стенд жасалып, бұрынғы стендтердегі ақпараттар жаңартылды. Қызметшілермен өткізілетін апталық өндірістік мәжілістерде сыбайластыққа жол бермеу, қызмет көрсету кезінде салық төлеушілерге қанағаттанарлық қызмет көрсету туралы айтылып, сол мәжілістердің хаттамалық тапсырмаларында осы сұрақтарды бақылау қызметшілерге үнемі тапсырылып отыр.

Жоғарыда айтылғанмен қатар, Елбасымыз ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді ерекше белгілегені, оның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының іргетасының бірі ретінде қабылдау керек деп және бұл шара қазақстандықтардың патриоттық сезіміне әсерлі күш берді деп есептейміз.

Хан Ордасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне біздің ұжым да өзінің үлесін қосып, саяси және тарихи маңызды шарасынан қалыс қалмағанына, Орда халқы бұрыннан белгілі бірлігі және қонақжайлығын тағы да дәлелдегеніне  ризамыз. Осындай қиын кезеңде Елдің тұрақтылығы мен бірлігіне, халықтың сеніміне аянбай қызмет етейік.

 

  

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

 

басқармасының басшысы                         С.Жадраев

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі  2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.Сондықтан мүлкіңіз бен қаржыңызды заңдастыруға асығыңыз. Өйткені, 2017 жылдан бастап жалпыға ортақ декларация тапсыру ісі қолға алынады. Сол уақытта мұндай тасада қалған артық ақша мен мүлікке бола қылмыстық жауапқа тартуы әбден мүмкін. Жалпы, «көлеңкелі экономика» айналымының орын алуы кез келген ел үшін теріс салдарлы. Заңсыз мүліктің артуы, «көлеңкелі экономиканың» пайда болуы қоғамдағы құндылықтар жүйесін бұзып, құқықтық немқұрайдылыққа әкеп соғады. Заңды экономикалық айналыстан шығарылған мүлік елдің дамуына үлес қоспағаны былай тұрсын, мемлекеттің жалпы экономикалық дамуындағы көрсеткіштері мен дамуының шынайы бейнесін бұрмалайды. Бұл өз кезегінде елдің даму көрсеткіштеріне нақты болжам жасауға мүмкіндік бермей, шынайы жоспар құруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан экономикалық санда жоқ мүліктің теріс әсері екі жақты - не мемлекетке, не иесіне пайдасы жоқ. Есепте жоқ мүліктен салық түспейді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында қабылданып жатқан шаралар бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, елдің экономикалық жағдайын жақсартуға әлеуеті жететін көлемді заңдастырылмаған мүлік, әсіресе, ақша түріндегі қаржылық құралдар заңды экономикалық айналыстан сырт қалып отыр.Мүлікті заңдастырудың негізгі ережелері жарияланды.Атап айтқанда, заңдастырылатын қаржы азаматтардың кірісі болып есептелмейді, сонымен қатар, қылмыстық, әкімшілік және басқа да жауапкершіліктен құтылады. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» мү­лік­ті заңдастыру  үшін көзделген.  Мүлікті  жариялау туралы толық  түсінік  алу үшін мына мекен жайға хабарласуға болады: Сайқын  селосы, Ы.Бергалиева  көшесі №1,тел: 8(711-40) 21-6-86. 

 

Бөкей Ордасы аудпны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы