Қырғызстан Республикасының 12.08.2015ж. Еуразиялық экономикалық одағының толық мүшесі болуына байланысты, Қазақстан Республикасы аумағына Қырғыз Республикасынан тауарларды импорттаған кезде, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар декларациясын, қағаз және электрондық түрде немесе электрондық түрде, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызына дейін кешіктірмей тапсыруы міндетті. 

Жанама салықтар Декларациясымен бірге, салық төлеуші Салық кодексінің 276-20 бабында көрсетілген құжаттар тізбесін салық органдарына тапсырады.

Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы, салық төлеуші орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша, салық кезеңінің келесі айының 20 жұлдызынан кешіктірмей (БКК 105115) төлеуге міндетті. 
ЕурАзЭО мүше-мемлекеттер аумағынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды импорттау кезінде жанама салықтардың есептелу және төленуінің салық кезеңі, импортталған тауарлардың есепке қойылғанынан бастап, айлық күнтізбе болып табылады.

 

Барлық туындаған сауалдарыңыз бойынша, Мемелекеттік кірістер басқармаларына орналасқан жері (мекен-жайы) бойынша байланысуға болады.

Елбасымыз Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар - Қазақстанның болашағына кілттер.», деп айтқанда, менің түсінігім бойынша Президентіміз, соның ішінде тек қана халықаралық бірлік пен этносаралық келісім емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар да өзінің адал қызметімен қазақстандықтар арасындағы Үкіметке деген сенімді нығайтуды тапсырып отыр.

Мемлекеттік кірістер органдары да осы бағыттағы жұмыстан қалыс қалмайды. Қазіргі таңда қызметшілер арасында сыбайластықтың алдын алу, оның көріністерін болдырмау, басқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен текетірестікке жол бермеу және қызметтік этиканы қатаң сақтау арқылы тұрғындар арасында мемлекеттік кірістер органының беделін түсірмеу және сенімділікті жоймау, салықтар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларының өзгерістерін кеңінен насихаттау, салықтық қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін бұзбай орындау мақсатында іс-шаралар жоспарын бекітіп орындауда.

Өз Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев  «тұрақтылық, келісім, бейбітшілік» ұғымдарына айқын түсінік берді. Ол : «Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.» деп, бұл сұрақтың маңыздылығын ерекше атап өтті. Жалпыәлемдік дағдарыс кезеңінде біз салық қызметін тұтынушыларға еліміздің тұрақтылығы мен ертеңіне сенімін өз жұмысымызбен дәлелдеуіміз қажет деп есептеймін. Осы бағытта ағымдағы жылдың 1 қазаны жағдайына аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы қызметшілерінің тарапынан қызмет көрсету регламенттері мен стандарттарын бұзу фактілеріне жол бермей келді. Салық қызметін тұтынушыларға салық саласындағы көрсетілетін қызметтер жөнінде жан-жақты ақпаратқа қолжетімділігін қамту мақсатында 2 қосымша ақпараттар орнатылған стенд жасалып, бұрынғы стендтердегі ақпараттар жаңартылды. Қызметшілермен өткізілетін апталық өндірістік мәжілістерде сыбайластыққа жол бермеу, қызмет көрсету кезінде салық төлеушілерге қанағаттанарлық қызмет көрсету туралы айтылып, сол мәжілістердің хаттамалық тапсырмаларында осы сұрақтарды бақылау қызметшілерге үнемі тапсырылып отыр.

Жоғарыда айтылғанмен қатар, Елбасымыз ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуді ерекше белгілегені, оның «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының іргетасының бірі ретінде қабылдау керек деп және бұл шара қазақстандықтардың патриоттық сезіміне әсерлі күш берді деп есептейміз.

Хан Ордасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне біздің ұжым да өзінің үлесін қосып, саяси және тарихи маңызды шарасынан қалыс қалмағанына, Орда халқы бұрыннан белгілі бірлігі және қонақжайлығын тағы да дәлелдегеніне  ризамыз. Осындай қиын кезеңде Елдің тұрақтылығы мен бірлігіне, халықтың сеніміне аянбай қызмет етейік.

 

  

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер

 

басқармасының басшысы                         С.Жадраев

Мүлікті (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшін құжаттарды беру мерзімі  2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.Сондықтан мүлкіңіз бен қаржыңызды заңдастыруға асығыңыз. Өйткені, 2017 жылдан бастап жалпыға ортақ декларация тапсыру ісі қолға алынады. Сол уақытта мұндай тасада қалған артық ақша мен мүлікке бола қылмыстық жауапқа тартуы әбден мүмкін. Жалпы, «көлеңкелі экономика» айналымының орын алуы кез келген ел үшін теріс салдарлы. Заңсыз мүліктің артуы, «көлеңкелі экономиканың» пайда болуы қоғамдағы құндылықтар жүйесін бұзып, құқықтық немқұрайдылыққа әкеп соғады. Заңды экономикалық айналыстан шығарылған мүлік елдің дамуына үлес қоспағаны былай тұрсын, мемлекеттің жалпы экономикалық дамуындағы көрсеткіштері мен дамуының шынайы бейнесін бұрмалайды. Бұл өз кезегінде елдің даму көрсеткіштеріне нақты болжам жасауға мүмкіндік бермей, шынайы жоспар құруға кері әсерін тигізеді. Сондықтан экономикалық санда жоқ мүліктің теріс әсері екі жақты - не мемлекетке, не иесіне пайдасы жоқ. Есепте жоқ мүліктен салық түспейді. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында қабылданып жатқан шаралар бұрынғыдан өзгерек. Өйткені, елдің экономикалық жағдайын жақсартуға әлеуеті жететін көлемді заңдастырылмаған мүлік, әсіресе, ақша түріндегі қаржылық құралдар заңды экономикалық айналыстан сырт қалып отыр.Мүлікті заңдастырудың негізгі ережелері жарияланды.Атап айтқанда, заңдастырылатын қаржы азаматтардың кірісі болып есептелмейді, сонымен қатар, қылмыстық, әкімшілік және басқа да жауапкершіліктен құтылады. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» мү­лік­ті заңдастыру  үшін көзделген.  Мүлікті  жариялау туралы толық  түсінік  алу үшін мына мекен жайға хабарласуға болады: Сайқын  селосы, Ы.Бергалиева  көшесі №1,тел: 8(711-40) 21-6-86. 

 

Бөкей Ордасы аудпны бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 156-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, мыналардың:

Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;

I, II, III топтардағы мүгедектердiң;

мүгедек баланың;

«мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуінің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде (бұдан әрі - 55 ЕТЖ) бiр жылдағы табыстары жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан алып тасталады.

Аталған тармақшаның ережелері қорғаншылыққа және қамқоршылыққа мұқтаж адамдардың қорғаншылары және қамқоршылары болып табылатын тиісті білім беру ұйымдары, медициналық білім беру ұйымдары, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары әкімшілігінің қызметкерлеріне қатысты олардың мұндай ұйымдармен еңбек қатынасында болуына байланысты қолданылмайды.

Салық кодексінің 156-бабының 2-тармағына сәйкес, аталған баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстарды салық салудан босату мұндай босатуды қолдану үшін негіздер болатын салық кезеңдері үшін беріледі.

Салық төлеуші (салық агенті) табыс төлеу күнінен бұрын түзету қолдану үшін негіз туындаған күні растау құжаттарын табыс еткен жағдайда, аталған баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген түзетулерді мұндай түзетулерді қолдану үшін негіз болатын салық кезеңіндегі табысқа қолдануға құқылы.

Бұл ретте, Салық кодексінің 46-бабының 2-тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі бес жылды құрайды. Талап қою мерзімінің өтуі, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті салық кезеңі аяқталғаннан кейін басталады.

Салық кодексінің 156-бабының 3-тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 12) және 13) тармақшаларында көзделген табыстар:

жеке тұлғаның осы бапта белгіленген шектерде осындай түзетудің мөлшерін көрсете отырып, салық салынуға жататын табыстарға түзетулерді қолдануға берген өтінішінің;

растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң негiзiнде салық салуға жататын табыстардан алып тасталады.

Салық кодексінің 70-бабының 1-тармағының 1-абзацына сәйкес, салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.

Салық кодексінің 70-бабының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, қосымша салық есептілігінде бұрын табыс етілген салық есептілігінің сомасы өзгертілген кезде салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігі мен іс жүзіндегі салық міндеттемесінде көрсетілген сома арасындағы айырма көрсетіледі.

Жоғарыда көрсетілгендер негізінде, егер 156-баптың 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген жеке тұлға жеке табыс салығымен (бұдан әрі - ЖТС) салықтандыруға жататын табысына жылына 55 ЕТЖ шегінде түзетуді қолдануға негізі бола тұра, жеке тұлға қызметкердің табысының пайда болған күнінен кеш өтініш бергендігінен мұндай түзету жұмыс берушімен қолданылмаған болса, онда жеке тұлға растайтын құжаттардың көшірмесін жалғай отырып ЖТС-мен салықтандырудан босату туралы өтінішін ұсына отырып, осындай табыстардын ЖТС ұстаған жұмыс берішуге өтінуіне құқығы бар, ал жұмыс беруші Салық кодексінің 46-бабының 2-тармағымен анықталған талап ету мерзімі шегінде  ЖТС-мен салықтандыруға жататын табысқа түзетуді қолданады. Бұл ретте, жұмыс берушімен осындай түзетуді қолдануға байланысты ЖТС-н ұстап қалу бойынша салық агентінің салық міндеттемесін азайтуға Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық декларациясының (200.00 нысан) «қосымша» түрі табыс етіледі.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы.

«Нұрлы жол - болашаққа бастар жол». Рас, бұл Жолдаудың жариялануы ғана емес, оның жүгі де басқа жолдаулардан ерекше. Бұл ең алдымен әлемдік қалыптасқан ахуалға, экономикалық дағдарыстың қарқынына байланысты. Оның үстіне Елбасы 2015 жылы жариялайтын жаңа Жолдауының өзегі де осы «Нұрлы Жол» атты жаңа экономикалық саясатқа негізделген. Дүние жүзі елдері дағдарысты бастан кешіп жатқан шақта халықты, ұлттық экономиканы қиындыққа соқтырмай өтуге бел буа бағытталған бұл Жолдау кезіндегі «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолының» бір көрінісі немесе жалғасы іспеттес.

Әлемдік ахуал демекші, бұған дейінгі дағдарыстан сауығу үдерісі тым баяу жүрсе, сонымен қоса құлдырау көріністері де мейлінші жиі көрініс алып отырғаны шындық. Осындай жолдардың алдын-алу мақсатында Елбасы Үкіметке тапсырма жүктеп, атқарушы билік дамудың жаңа ауқымды бағдарламасын әзірледі.

Енді, осы бағдарламада айтылған маңызды мәселелерге тоқталар болсам, жаңа экономикалық саясаттың өзегі жеті бағыт бойынша инфрақұрылымдық даму жоспары болып отыр. Көлік, индустриялық, энергетикалық, әлеуметтік-тұрғын үй инфрақұрылымдарын дамыту бойынша кешенді жұмыс межеленген. Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жылу мен сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту да назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, орта және шағын бизнесті қолдаудың арнайы іс-шаралары жайлы атап өтілді. Бүгінгі жетістіктеріміз Жолдау міндеттерінің тиянақтылығынан, оның жүзеге асырылуындағы рухани және қаржылық нақты негізділігінен көрініс береді. Жолдауда жаңа экономикалық саясаттың бағытын айқындаған Елбасы елдік дамуға қажетті қаржы үшін Ұлттық қор қаражатын тартуды ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, бағыт айқын. Тек екі қолды сыбанып, іске кірісу. Мұндай қайталанбас бағдарлама жүзеге асыруда әркім өзінің жұмысына мығым жауап беруі керек, ендеше. Осы жерде айтар кетер мәселе, салық саласының қызметкері ретінде әр тиынның сұрауы бар демекші, жаңа Жолдау қағидаттарын жүзеге асыруға бөлінген қаржыға халықтық бақылау болуы тиіс деген пікірді қолдаймын. Әрине, бұл бастаманы ауызбірішілігі бекем, болашағы нақты қазақ елі бар ықыласымен қолдап, мақсатты істің жолына бар күштерін салатынына менің күмәнім жоқ.

Өз кезегінде, Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Президенттің Жолдауын насихаттау, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық саласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аударып келеді. Осы бағытта, мекемемізде салық төлеушілердің салықтық таным-түсігін арттыру, салық саласында болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді жеткізу мақсатында семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел» жиындарын өткізу, БАҚ-та материалдар жариялау арқылы түсіндірме жұмыстары дәстүрлі түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, салық саласына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, салық төлеушілер үшін жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тұрақты қолға алынған. Жалпы алғанда, салық органдарын ел экономикасының «күретамыры» деп ауыз толтырып айтуға болады. Қазіргі уақытта еліміздегі бұл салада барлық заңдар заман талабына икемделіп, кәсіпкерлердің республика аймағында еркін әрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылып отыр.  

Бүгінгі таңда «Нұрлы Жол» Жолдауы ел ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр десем қателеспеймін. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған салық саласында да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс және солай жасалып та отыр. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Әлқиссамның соңын, Президенттің сөзімен аяқтар болсам, ««Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі.

 

Исатай Құрмашев,

Бөкей ордасы ауданы бойынша мемлекеттік

кірістер басқармасының «Ақпараттарды қабылдау

және өңдеу орталығы» бөлімінің бас маманы.

Мүлікті жария ету Қазақстан Республикасында 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасының экономикалық нарығының капитал салымының перспективалы саласы ретінде көрініс табуда. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуымен және құрылуына байланысты, сондай -ақ, халықаралық өзара байланыстағы экономикалық қатынастарда азаматтардың рөлі мен қаржылық ықпалы айтарлықтай артты және ол әрі қарай жалғасын табуда. Экономикада есепте жоқ мүлік оның иесіне қалай кері әсерін тигізсе, мемлекетке, қоғамға да, сондай кері әсер етеді. Мұндай мүліктен салық түспейді. Осыған байланысты, «көлеңкедегі» мүліктің, қаржының елдің экономикалық жағдайын жақсарту үшін орасан зор потенциалы бола тұра, нақты экономикалық айналымнан тыс қалып отырған қалыптасқан жағдайды өзгертуге бағытталған мемлекет тарапынан айтулы қадамдар жасалуда. Елбасы атап айтқандай, әлемдік экономикада тұрақсыздықтың жал­ғасуы, инвестиция және сауда балансының төмендеуімен сипатталатын оның Қазақстан Республикасы экономикасына ықпалын ескере отырып, экономикаға қосымша ресурстарды тартудың қажеттілігі сезілуде.

2014 жылдың 1 қыркүйегінен бас­тап қолданысқа енген «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға 2014 жылдың 30 маусымында қол қойылды. Мүлікті жария етудің толқыны 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Мүлікті жария ету үшін (ақшадан басқа) құжат тапсырудың мерзімі 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталды, 2015 жылдың 30 қарашасында аяқталады. Заңға сәйкес жария етуге ақшалар, құнды қағаздар және заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар, жария ету субъектілері орналасқан меншік құқығындағы оларға тиесілі жер телімдері, мақсаттық пайдалануға сай құрылымдар, өзге тұлғаға рәсімделген құрылымдар, республика шекарасынан тыс жердегі жылжымайтын мүліктерге жүргізіледі. Қазақстан Республикасы аума­ғындағы мүлікті жария ету жергілікті атқарушы органдар арқылы  жүзеге асады. Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жердегі мүлікті жария ету салық органдары арқылы іске асады. Салық органдары Қазақстан Республикасынан шекарасынан тыс мүліктер, шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардың үлескерлігі, ақша айналымы өзге мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар  бойынша өтініштер қабылдайды. Бұл жағдайда келесідей құжаттар ұсынылуы тиіс: бекітілген форма бойынша мүлікті жария етуге екі дана өтініш; жеке басы куәлігінің көшірмесі (өтініш бергенде түпнұсқасын қоса көрсетуі тиіс); Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерде орналасқан жылжымайтын мүлік,  заңды  тұлғаның жарғылық  капиталындағы үлесі туралы құқық беруші  құжаттың нотариалды расталған көшірмесі; ақша айналымы шет мемлекетте тіркелген құнды қағаздар бойынша сәйкес жүйеде құнды қағаздар бо­йынша құқын растайтын жеке шотынан көшірме немесе резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бекіткен аталған құнды қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге құжат; сатып алу құқығы  немесе мүліктің бағалық құнын растайтын құжат. Бұл арада егер мүлік шетелдік валютада көрсетілсе, оның құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгенің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен өтініш берген күнгі ресми курсымен қайта есептелетін болады; алым-салығы төленгендігін растайтын құжат; Заң арқылы қарастырылған өзге де құжаттар. Алым Қазақстан Республикасы аймағынан тыс жерде орналасқан сатып алынған немесе бағаланған мүлік құнының он пайыз мөлшерінде құжат өткізген кезде төленеді. Шетел тілінде рәсімделген құжаттар нотариалды куәландырылған қазақша немесе орысша аудармасымен ұсынылуы тиіс.
Егер толық құжат ұсынылмаған, түзетулер болған және Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкессіздік анықталған жағдайда құжаттар кері қайтарылуы тиіс. Талаптар сақталған болса, салық органы өтініш берілген отыз күнтізбелік күнде: мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы шешім шығарады; мүлікті жария ету субъектісіне мүлікті (ақшадан басқа) жария ету туралы шешімді береді; жария етілген мүліктің мәліметтерін реестрге тіркейді. Жария етілген мүлік туралы мәліметтердің толықтығы мен растығына жауаптылық жария етуші субъектіге жүктеледі. Мүлікті жария ету барысындағы салық органының шешіміне, сондай-ақ, басқа да әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) сотқа шағымдануға болатындығына назарларыңызды аударамыз.

Мүлікті жария ету - әлемдік тәжірибеде жаңалық емес. Еуропа елдерінің бір қатары, АҚШ-тың көптеген штаттары мен ТМД елдерінде мұндай акцияны бірнеше рет өткізуде, себебі капиталды көлеңкеден шығару барлық елдер үшін өте өзекті мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуде тәжірибесі бар. Ол - тәжірибе бұл шараның Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, бүтіндей ел экономикасын дамыту үшін оңды нәтижелерге қол жеткізгенін көрсетіп отыр. Жария етілетін ақша мен мүлікті көлеңкеден шығару бюджетке салық және олармен жүргізілетін қаржылық және басқа да операциялар үшін алым түрінде кіріс екенін атап өткен жөн. Бюджетке түсер түсімнен бөлек, көлеңкелі экономика кемиді.

 

Бөкей ордасы ауданы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасының

салық төлеушілермен жұмыс және өндіру

бөлімінің бас маманы

 

Дауленов Т

5 ақпан 2015 жыл 

Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық аумақтық бөлімшелерінде 2015 жылғы 19 ақпандағы сағат 18.00-ден бастап 23 ақпандағы сағат 10.00-ге дейін жүкті кедендік ресімдеу тоқталатын болады. Осы шара ақпараттық жүйені жаңа серверлік жабдықтарға көшірудің қажеттігінен туындайды, бұл қызмет көрсетудің сапасын жоғарылатуына және ақпараттық жүйе жұмысында тоқтап қалудың болдырмауына мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Сіздерден осы кезеңде экспорттық-импорттық операциялардың жүзеге асырылуын тоқтата тұруыңызды сұраймыз. Сондай-ақ, тез бұзылуға ұшырайтын тауарларға қатысты, және шұғыл жүктерді әкету кезіндегі тауар декларациясын беру «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» ҚР Кодексiнің 298-бабына сәйкес жасалады.

 

БҚО Бөкей ордасы ауданы бойынша

 мемлекеттік кірістер басқармасы